Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Ақтөбе облысының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті және оның аумақтық басқармаларының 2024 жылдың 5 айында мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау бойынша жұмысы туралы
«Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметті көрсетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығына сәйкес департамент 5 мемлекеттік қызмет және оның аумақтық бөлімшелері 2 мемлекеттік қызмет көрсетеді.
Олар:
«Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыларды беру» бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидалары эпидемиялық мәні жоғары объектінің және қоршаған ортаға зиянды заттар мен физикалық факторлардың жол берілетін шекті шығарындылары мен жол берілетін шекті төгінділері, санитариялық қорғау аймақтары мен санитариялық-қорғаныш аймақтары бойынша нормативтік құжаттама жобаларының, шикізат пен өнімнің жаңа түрлерінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру тәртібін айқындайды.
2024 жылдың 5 айында Департамент мамандарымен 629 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:
- «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы маман сертификатын беру» - 56 (ЭҮП- 56);
- «Эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру» - 249 (ЭҮП - 249);
- «Қоршаған ортаға, санитариялық қорғау аймақтарына және санитариялық-қорғаныш аймақтарға, шикізатқа және өнімге зиянды заттардың және физикалық факторлардың рұқсат етілетін шекті шығарындылары мен рұқсат етілетін шекті төгінділері жөніндегі нормативтік құжаттама жобаларына санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру» - 180 (ЭҮП - 180);
- «Тамақ өнімін өндіру (дайындау) объектісіне есептік нөмір беру» - 0 (ЭҮП - 0);
- «І-ІV патогенді топтардың микроорганизмдерімен және гельминттермен жұмыс істеуге рұқсат беру» - 0 (ЭҮП - 0);
2024 жылдың 5 айда мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту саны - 144, оның ішінде:
- «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы маман сертификатын беру» - 0 (ЭҮП- 0);
- «Эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру» - 107 (ЭҮП - 107);
- «Қоршаған ортаға, санитариялық қорғау аймақтарына және санитариялық-қорғаныш аймақтарға, шикізатқа және өнімге зиянды заттардың және физикалық факторлардың рұқсат етілетін шекті шығарындылары мен рұқсат етілетін шекті төгінділері жөніндегі нормативтік құжаттама жобаларына санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру» - 32 (ЭҮП – 32);
- «Тамақ өнімін өндіру (дайындау) объектісіне есептік нөмір беру» - 0 (ЭҮП - 0);
- «І-ІV патогенді топтардың микроорганизмдерімен және гельминттермен жұмыс істеуге рұқсат беру» - 5 (ЭҮП - 5);
Мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартудың негіздері:
Көрсетілетін қызметті алушылардан мемлекеттік қызмет көрсету жөнінде шағымдар түскен жоқ.
Департамент және оның аумақтық басқармалары кеңселерінде тұрақты түрде мемлекеттік қызмет алушыларға қолданыстағы бұйрық талаптары түсіндіріліп, кеңес беріледі.
Департаментпен мемлекеттік қызмет көрсету барысында Заңмен бекітілген мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері үнемі қатаң бақылауда.
Есепті кезеңде департаментте мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдерін бұзу фактілері анықталған жоқ.