Анализ Хромтауского района

Талдамалық анықтама

сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы

 

Ақтөбе облысы                                                                            10-29 наурыз 2024 жыл

Хромтау ауданы

Хромтау қаласы

 

І. Кіріспе

 

«Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Ақтөбе облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Хромтау аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесінде «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген, Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларының 3 және 4 тармақшаларына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жүргізілді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жүргізу сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг нәтижесіне негізделді.

Басқарманың сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдерінің басым бағыты мемлекеттік бақылау және қадағалау бойынша тексеру жүргізу және мемлекеттік қызмет көрсету.

ІІ. Ақпараттық-талдамалық бөлім

2.1. «Мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңы бойынша:

«Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30желтоқсандағы№ ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығына сәйкес «Хромтау аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесі келесідей мемлекеттік қызмет көрсетеді:

1) «Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыларды беру»

2) «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын тамақ өнімін өндіру объектілеріне есепке алу нөмірлерін беру».

2.2. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауға қатысты:

Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің талабына сәйкес жеке және заңды тұлғалардан өтініштерді қабылдау мен тіркеу жүзеге асырылуда.

2.3. Сыбайлас жемқорлыққа қатысты БАҚ сын пікірлер: Бұқаралық ақпарат құралдарында Хромтау аумақтық басқармаларының қызметкерлері жемқорлыққа қатысты сын пікірлер болған жоқ.

2.4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2024 жылға арналған іс-шаралар туралы жоспарының тиімді орындалуы туралы:

Хромтау аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасыныңсыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2024-2026 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес табыс туралы декларацияны салық органына ұсынылды, «Сенім телефоны», жеке және заңды тұлғаларының арыздар мен хаттарына арналған пошта жәшігінің жұмыс істеуі қамтамасыз етілуде.

2.5. Сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық және тәртіптік жазалар туралы:

Сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқықбұзушылық фактілері орын алған жоқ.

2.6. Басқарманың бақылау фунцияларына қатысты:

Мемлекеттік органның міндеті: тиісті аумақта құзыретінің шегінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы басшылықты және мемлекеттік саясатты іске асыруды, мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау мен қадағалауға жататын өнімді, оның ішінде тамақ өнімін бақылау мен қадағалауды, техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың және биологиялық қауіпсіздік саласындағы талаптардың сақталуын бақылауды және қадағалауды, сондай-ақ биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған іс-шараларды реттеуді және іске асырады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2022 жылғы 2 желтоқсандағы №117 мен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2022 жылғы 2 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-152 бірлескен бұйрықпен бектіліген, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына 2-қосымша тексерулер жүргізу кезінде қойылатын талаптардың бұзылу дәрежесінің 41 тармақтың 7 тармақшасындағы талаптың (ИДП сақтау, тасымалдау және пайдалану шарттарының сақталуын қамтамасыз ететін іс-шаралар алгоритмін сақтау: Келесі сұрақтарды қосқанда, бірақ олармен шектелмей:1) температураның ауытқу аймақтарын тестілеу (картографттау); 2) температураны, ылғалдылықты және дабыл жүйелерін бақылауға арналған құрылғыларды калибрлеу; 3) үй – жайларға қызмет көрсету; 4) температураны мониторингілеу;  5) температураны бақылау жабдығына қызмет көрсету; 6) ИДП қабылдауды тіркеу рәсімдері; 7) ИДП қорларын сақтау рәсімдері; 8) ИДП бар термоконтейлерді жөнелтуге дайындау; 9) температурамен бақыланатын көлік құралдарының (авторефрижераторлардың) жұмысы; 10) ИДП қауіпсіз жұмыс жасау; 11) ИДП қайтаруға, тоқтата тұруға, бұзылуына байланысты рәсімдер; 12) жарамсыз ИДП қауіпсіз жою; 13) температураның ауытқуы жағдайындағы іс- шаралар; 14) төтенше жағдайларда ден қою кезіндегі рәсімдер; 15) үй – жайларды жинау) бұзушылық дәрежесі мемлекеттік тілдегі нұсқасында елеулі (значительное) деп көрсетілсе, ал ресми тілде бұзушылық дәрежесі өрескел (грубое) деп көрсетілген.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2022 жылғы 2 желтоқсандағы №117 мен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2022 жылғы 2 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-152 бірлескен бұйрықпен бектіліген, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына 2-қосымша тексерулер жүргізу кезінде қойылатын талаптардың бұзылу дәрежесінің 44 тармақтың 32 тармақшасындағы талаптың (Медициналық қалдықтармен жұмыс істеу бағдарламасының болуы және орындалуы) бұзушылық дәрежесі мемлекеттік тілдегі нұсқасында елеулі (значительное) деп көрсетілсе, ал ресми тілде бұзушылық дәрежесі өрескел (грубое) деп көрсетілген.

 

ІІІ. Қорытынды

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жүргізу нәтижесі бойынша келесі ұсыныстар туындап отыр:

«Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесіне келесідей нормативтік құқықтық актілердің қайшылығы бойынша ұсыныс жолдау:

  1. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2022 жылғы 2 желтоқсандағы №117 мен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2022 жылғы 2 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-152 бірлескен бұйрықпен бектіліген, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына 2-қосымша тексерулер жүргізу кезінде қойылатын талаптардың бұзылу дәрежесінің 41 тармақтың 7 тармақшасындағы талаптың бұзушылық дәрежелерінің мемлекеттік тілмен ресми тілдегі нұсқасын сәйкестендіруді.
  2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2022 жылғы 2 желтоқсандағы №117 мен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2022 жылғы 2 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-152 бірлескен бұйрықпен бектіліген, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына 2-қосымша тексерулер жүргізу кезінде қойылатын талаптардың бұзылу дәрежесінің 44 тармақтың 32 тармақшасындағы талаптың бұзушылық дәрежелерінің мемлекеттік тілмен ресми тілдегі нұсқасын сәйкестендіруді.

 

Департамент басшысының орынбасары                                 Б.К. Шағалбаев

 

Құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы                     А.Б. Кенжебаев

 

Персоналды басқару қызметінің басшысы                             Ж.Т. Утегенова

 

«Әділдік жолы» республикалық қоғамдық

бірлестігі Ақтөбе облысындағы

Ақтөбе қаласы филиалының басшысы                                      А.З. Байменов

 

«Келісемін»

«Қазақстан Республикасының

Денсаулық сақтау министрлігі

Санитариялық-эпидемиологиялық

бақылау комитеті Ақтөбе облысының

санитариялық-эпидемиологиялық

бақылау департаменті

Хромтау аудандық санитариялық-

эпидемиологиялық бақылау

басқармасы» РММ басшысы

________________ И.А. Аяғанова

«11»  сәуір 2024 жыл

 

Дата публикации
27 июня 2024