Үстіміздегі жылдың 20 маусымында Ақтөбе облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің және оның аумақтық басқармаларының қызметкерлеріне мемлекеттік қызметшілердің өз құқықтары мен міндеттерін, сондай-ақ тәртіптік жауапкершілік рәсімдерін түсінуін жақсартуға бағытталған семинар-тренинг өткізілді.
Мемлекеттік қызмет саласындағы маңызды принциптердің бірі - ол мемлекеттік қызметшінің құқықтық және әлеуметтік қорғалуы болып табылады.
Осыған орай, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы Сисенбина Гүлхан Бисенғалиқызымен мемлекеттік қызметшілердің өз құқықтары мен міндеттері және де тәртіптік жауапкершілік рәсімдері туралы баяндама жасалып, семинар-тренингтің соңында мамандар әлеуметтік қорғалуы жөнінде өздерін толғандырып жүрген сұрақтарына жауап алды.