Ақтөбе қаласында 2024 жылдың 19-20 маусымында Қазақстан Республикасында «Бірыңғай денсаулық» тәсілін енгізу және қолдану мәселелері бойынша Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы елдік кеңсесінің Операциялық жоспарын іске асыру мақсатында Алиментариус кодексі комиссиясының ФАО/ДДҰ Траст қорының қолдауымен тағам қауіпсіздігінің өзекті мәселелері бойынша өңірлік семинар өткізілді.
Семинарда Ақтөбе, Атырау және Маңғыстау облысының санитариялық- эпидемиологиялық бақылау департаменті және аумақтық басқармалары, ветеринариялық бақылау және қадағлау департаменті, «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Ақтөбе облысы бойынша филиалы мамандары, «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы, Ақтөбе қаласының тағам өнеркәсібі объектілері өкілдері қатысты.
Семинар бағдарламасына сәйкес тағам қауіпсіздігі, Кодекс Алиментариус халықаралық стандарты және Қазақстанда ХАССП жүйесін енгізуді қолдану, тағамдық генездің микробқа қарсы төзімділігі және «Бірыңғай денсаулық» тәсілін енгізу, адам денсаулығына транс майлардың әсері туралы сұрақтар бойынша тыңдаушыларға баяндама жасалды.
Семинарды өткізудің басты мақсаты тағам сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы Алиментариус Кодексі халықаралық стандарттарды қолдану бойынша озық тәжірибемен және біліммен алмасу болып табылады. Семинар танымды, алынған білім іс-шараға қатысушылардың практикалық қызметінде өз қолданысын табады.