- «Ақтөбе облысының аумағында қатаң шектеу мен карантиндік шараларды кезең-кезеңімен жұмсарту туралы» Ақтөбе облысы Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 15 тамыздағы №ПГСВ-49 қаулысына келесідей өзгерістер енгізілсін:
1) 1 тармақтың 1.1. тармақшасының тоғызыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын: "қала маңындағы жолаушылар поездары мен жалпы вагондардың (жұмыс поездарын қоспағанда) және қалааралық, ауданаралық автобус, шағын автобус тасымалдарының қозғалысына тыйым салу.";
2) 1 тармақтың 1.2. тармақшасының тоғызыншы абзацы (Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 25 маусымдағы №43 қаулысының 15-қосымшасына сәйкес күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, ауданаралық бағыттардағы қоғамдық көліктер мен такси қызметтерінің) алып тасталсын.
- Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Ақтөбе облысының
Бас Мемлекеттік
санитариялық дәрігері Н. Беркімбаева