Талдамалық анықтама сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы

І. Кіріспе

 

«Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Ақтөбе облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Темір аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесінде «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген, Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларының 3 және 4 тармақшаларына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жүргізілді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жүргізу сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг нәтижесіне негізделді.

Басқарманың сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдерінің басым бағыты мемлекеттік бақылау және қадағалау бойынша тексеру жүргізу және мемлекеттік қызмет көрсету.

ІІ. Ақпараттық-талдамалық бөлім

2.1. «Мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңы бойынша:

«Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығына сәйкес «Темір аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесі келесідей мемлекеттік қызмет көрсетеді:

1) «Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыларды беру»

2) «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын тамақ өнімін өндіру объектілеріне есепке алу нөмірлерін беру».

2.2. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауға қатысты:

Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің талабына сәйкес жеке және заңды тұлғалардан өтініштерді қабылдау мен тіркеу жүзеге асырылуда.

2.3. Сыбайлас жемқорлыққа қатысты БАҚ сын пікірлер: Бұқаралық ақпарат құралдарында Темір аумақтық басқармаларының қызметкерлері жемқорлыққа қатысты сын пікірлер болған жоқ.

2.4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2023 жылға арналған іс-шаралар туралы жоспарының тиімді орындалуы туралы:

Темір аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасыныңсыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2021-2023 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес табыс туралы декларацияны салық органына ұсынылды, «Сенім телефоны», жеке және заңды тұлғаларының арыздар мен хаттарына арналған пошта жәшігінің жұмыс істеуі қамтамасыз етілуде.

 

2.5. Сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық және тәртіптік жазалар туралы:

Сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқықбұзушылық фактілері орын алған жоқ.

2.6. Департаменттің бақылау фунцияларына қатысты:

Мемлекеттік органның міндеті: тиісті аумақта өз құзыреті шегінде қоғамдық денсаулық сақтау, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы салаларында басшылықты және реттеуді, халыққа өткізілетін өнімдер мен көрсетілетін қызметтер бойынша техникалық регламенттер мен нормативтік құжаттарда белгіленген талаптардың сақталуын, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі және органикалық өнімдердің өндірісі саласында (бұдан әрі - реттелетін сала) бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын, салааралық үйлестіруді, іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асырады.

  1. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2022 жылғы 2 желтоқсандағы №117 мен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2022 жылғы 2 желтоқсандағы №ҚР ДСМ-152 бірлескен бұйрыққа 12-қосымшасымен бекітілген, мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту объектілеріне қатысты тексеру парағының талаптар тізбесінің 9 тармағындағы мемлекеттік тілдегі нұсқасында «Кәстрөлдерді өңдеу ережелерін сақтау» деп көрсетілсе, ресми тілдегі нұсқасында «Соблюдение правил обработки горшков» деп көрсетілген.
  2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2022 жылғы 2 желтоқсандағы №117 мен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2022 жылғы 2 желтоқсандағы №ҚР ДСМ-152 бірлескен бұйрығының 13-қосымшасымен бекітілген, балалардың сауықтыру және санаторлық (жыл бойғы, маусымдық) объектілеріне қатысты тексеру парағының 2 тармағында мемлекеттік тілдегі нұсқасымен ресми тілдегі нұсқасы сәйкес келмейді.

Мемлекеттік тілде - «Кеміргіштердің, жәндіктердің, құстар мен жануарлардың кіруін болдырмау жөніндегі, азық-түлік (тамақ) шикізаты мен тамақ өнімдерін ластанудан және бүлінуден қорғау жөніндегі шаралардың болуы» деп жазылса, ресми тілде «Наличие твердого покрытия свободной от зеленых насаждений территории, подъездных путей, разгрузочных площадок, тротуаров, мест для стоянок транспорта» деген талап жазылған.

  1. 2023 жылы Темір аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасымен 7 бабалақшаға («Алақай» бөбекжай-балабақшасы МКҚК, «Балапан» бөбекжай - балабақшасы МКҚК, «Балауса» бөбекжай балабақшасы МКҚК, «Балдаурен» бөбекжай-балабақшасы» МКҚК, «Балдырған» бөбекжай – балабақшасы» МКҚК, «Еркем-ай» бөбекжай-балабақшасы» МКҚК, «Зере» бөбекжай балабақшасы» МКҚК) санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды берілген, оның 3-нің («Алақай» бөбекжай-балабақшасы МКҚК, «Балауса» бөбекжай балабақшасы МКҚК, «Зере» бөбекжай балабақшасы» МКҚК) қысқартылған және тоқтатылған.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығына 1-қосымша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығымен бекітілген санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыларды беру бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларының 1 қосымшасымен бекітілген Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесінде осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу үшін қажетті зертханалық-аспаптық зерттеулерге (сынақтарға) сәйкес аккредиттелген зертханалар жүргізген зерттеулер (сынақтар) хаттамаларының электрондық көшірмесі.

Алайда, жоғарыда көрсетілген 7 балабақшаға өтініш берушілермен қорытынды аккредиттелмеген зертханамен жасалған зерттеулер (сынақтар) хаттамаларының электрондық көшірмесі жалғанғандығына қарамай Темір аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасымен санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды берілген.

ІІІ. Қорытынды

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жүргізу нәтижесі бойынша келесі ұсыныстар туындап отыр:

«Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесіне келесідей нормативтік құқықтық актілердің қайшылығы бойынша ұсыныс жолдау:

  1. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2022 жылғы 2 желтоқсандағы №117 мен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2022 жылғы 2 желтоқсандағы №ҚР ДСМ-152 бірлескен бұйрыққа 12-қосымшасымен бекітілген, мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту объектілеріне қатысты тексеру парағының талаптар тізбесінің 9 тармағындағы мемлекеттік тілдегі нұсқасымен ресми тілдегі нұсқасын сәйкестендіруді.
  2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2022 жылғы 2 желтоқсандағы №117 мен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2022 жылғы 2 желтоқсандағы №ҚР ДСМ-152 бірлескен бұйрығының 13-қосымшасымен бекітілген, балалардың сауықтыру және санаторлық (жыл бойғы, маусымдық) объектілеріне қатысты тексеру парағының 2 тармағында мемлекеттік тілдегі нұсқасымен ресми тілдегі нұсқасы сәйкестендіруді.

«Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Ақтөбе облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Темір аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесіне:

  1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығына 1-қосымша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығымен бекітілген санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыларды беру бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларының талабына сәйкес аккредиттелген зертханаларда жүргізген зерттеулер (сынақтар) хаттамаларының электрондық көшірмесі болғанда санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беруді.

 

Департамент басшысының орынбасары                                           Б.К. Шағалбаев

 

Құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы                               А.Б. Кенжебаев

 

Персоналды басқару қызметінің басшысы                                        Ж.Т. Утегенова

 

«Әділдік жолы» республикалық қоғамдық

бірлестігі Ақтөбе облысындағы

Ақтөбе қаласы филиалының басшысы                                               А.З. Байменов

 

«Келісемін»

«Қазақстан Республикасының

Денсаулық сақтау министрлігі

Санитариялық-эпидемиологиялық

бақылау комитеті Ақтөбе облысының

санитариялық-эпидемиологиялық

бақылау департаменті

Темір аудандық санитариялық-

эпидемиологиялық бақылау

басқармасы» РММ басшысы

________________  С. Нугманова

«___»  ____________ 2023 жыл

Дата публикации
25 декабря 2023