Ішкі талдау нәтижелері бойынша жариялау талқылау

Ақтөбе облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің Байғанин және Темір аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларына қатысты жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша жария талқылау.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес Бағанин және Темір аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының қызметіне қатысты жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша жария талқылау жасалатындығын хабарлайды.

Жария талқылау Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Сәңкібай батыр даңғылы 1 мекенжайда орналасқан Ақтөбе облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде (21 бөліме) 25.12.2023ж. сағат 16:30 де болатындығы жеткізіледі.

Дата публикации
25 декабря 2023