ІШКІ КОНКУРС
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Ақтөбе облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің (бұдан әрі-Департамент) 2023 жылғы 06 желтоқсандағы конкурстық комиссиясының қорытынды шешімі
- Департаменттің ұйымдастыру жұмысы және қызметті талдау бөлімінің бас маманы, С-О-5 санаты, Б блогы үміткер Әзімбаев Жамбыл Бекболатұлы;
- Департаменттің білім беру және тәрбиелеу объектілерін бақылау және қадағалау бөлімінің (негізгі қызметкердің бала күтімі демалыс кезіне) бас маманы, С-О-5 санаты, А блогы үміткер Бахтыгереева Акуштап Муратбеккызы конкурс комиссиясы мүшелерінің шешімімен оң нәтижеге ие болды.
- Департаменттің жұртшылықпен байланыс жөніндегі бас маманы, Б блогы, С-О-5 санаты;
- Департаменттің Хромтау аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау және қадағалау, қызметті жоспарлау және талдау бөлімінің бас маманы, С-R-4 санаты, бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына жеңімпаздың болмауына байланысты жалпы конкурс жариялансын.