«Ақтөбе облысындағы денсаулық сақтау ұйымдарында шектеу араларын одан әрі күшейту туралы» Ақтөбе облысының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 19 маусымдағы № ПГСВ-37 қаулысының күші жойылды деп тану туралы" Қаулысы

Мен, Ақтөбе облысының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігері Беркімбаева Нұрсұлу Алтынбекқызы, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2015 жылғы 20 наурыздағы №239 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының аумағында шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру ережесінің 14-тармағы және «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 маусымдағы №43 қаулысының 24-тармағының 11) тармақшасына сәйкес 7 күнде аймақтағы R<1 репродуктивті санының орташа мәніне қол жеткізуіне байланысты,  

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. «Ақтөбе облысындағы денсаулық сақтау ұйымдарында шектеу шараларын одан әрі күшейту туралы» Ақтөбе облысының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 19 маусымдағы №ПГСВ-37 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
  2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Ақтөбе облысының

Бас Мемлекеттік

санитариялық дәрігері                                       Н.Беркімбаева

Дата публикации
11 августа 2020