2023 жылғы 17 қаңтардағы Ақтөбе облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің (әрі қарай - Департамент) №13 н/қ бұйрығына сәйкес 2023 жылдың 30 қарашасында департаменттің құрылымдық бөлімшелері және аумақтық басқарма мамандарына арналған Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру туралы Заңын түсіндіру бойынша құқықтық оқыту өткізілді (Zoom платформасында).
«Ақпараттандыру туралы» Заңы Қазақстан Республикасының аумағында, ақпараттандыру объектілерін құру, дамыту және пайдалану кезінде, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласын дамытуды мемлекеттік қолдау кезінде мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар арасында туындайтын ақпараттандыру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді.
Құқықтық оқытуды өткiзу барысында департаменттің және аумақтық басқармалардың барлық қызметкерлеріне ақпараттандыру саласындағы қоғамдық қатынастарды мемлекеттiк реттеудiң мақсаттары мен қағидаттары және де ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік басқарудың негізгі міндеттері түсіндірілді.