"«Ақтөбе облысы аумағында қатаң шектеу және карантиндік шараларын енгізу туралы» Ақтөбе облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 04 шілдедегі №ПГСВ-42 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қаулысы

Мен, Ақтөбе облысының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің орынбасары Даулетова Гүлбану Үмбетқызы, аймақ тұрғындары арасында коронавирустық инфекцияның алдын-алу мақсатында, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. «Ақтөбе облысы аумағында қатаң шектеу және карантиндік шараларын енгізу туралы» Ақтөбе облысының Бас мемлекеттік  санитариялық дәрігерінің  2020 жылғы 04 шілдедегі №ПГСВ-42 қаулысына келесідей өзгерістер енгізілсін:

1) 4.4-тармақтың 3 абзацы келесі редакцияда жазылсын:

«ХҚКО, оның ішінде арнайы ХҚКО (АвтоХҚКО) Egov.kz, EgovKZBBot 2.0 телеграммасында алдын-ала брондау арқылы, ХҚКО, call-орталықтар мен бейне қоңыраулардың жұмыс кестесі 9.00-ден 18.00-ге дейін белгіленіп, демалыс күндері - сенбі, жексенбі, сондай-ақ арнайы ХҚКО (авто ХҚКО) жұмыс күндері (дүйсенбі-жұма) 09:00-ден 17:00-ге дейін, сенбіде 09:00-ден 14: 00-ге дейін».

5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Ақтөбе облысының

Бас Мемлекеттік санитариялық

дәрігерінің орынбасары                                       Г.Ү. Даулетова

Дата публикации
05 августа 2020