Ұжымда қолайлы моральдық-психологиялық жағдай жасау, даулы мәселелерді шешу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы

ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық комитетінің жұмыс жоспарына сәйкес 6 қазан күні «Ұжымда қолайлы моральдық-психологиялық жағдай жасау, даулы мәселелерді шешу бойынша» қабылданып жатқан шаралар туралы тыңдалым өтті.

Тыңдалымға Ақтөбе облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл Шагалбаев Булатбек Кендебаевич аталған тақырыпта баяндама жасап, атқарылып жатқан іс-шаралар туралы атап өтті. Сонымен қатар, Абай, Қостанай облыстарының, Батыс Қазақстан және Алматы қаласы департаменттерінің әдеп жөніндегі уәкілдері қатысып, баяндама жасады.

Дата публикации
06 октября 2023