Әкімшілік құқық бұзушылық туралы

2023 жылы 13 қыркүйек күні Ақтөбе облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменттің сондай-ақ қалалық және аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары үшін Zoom платформасында «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі тақырыбында құқықтық оқыту (онлайн) өткізді.

Құқықтық оқыту барысында қызметкерлерге әкімшілік құқық бұзушылық және әкімшілік жауаптылық, әкімшілік жаза және әкімшілік-құқықтық ықпал ету шаралары, әкімшілік жаза қолдану, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізу, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуге қатысушылар, олардың құқықтары мен міндеттері, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғау тәртібтерін түсіндіріп, қолдану барысы бойынша қойылған сұрақтарына жауап берілді.

Дата публикации
29 сентября 2023