Мен, Ақтөбе облысының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігері Беркімбаева Нұрсұлу Алтынбекқызы, Ақтөбе облысының тұрғындары арасында COVID-19 (бұдан әрі - COVID-19) коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында, «Пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 130 бұйрығына және «Қазақстан Республикасының аумағында шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан 2015 жылғы 20 наурыздағы №239 бұйрығына сәйкес, және де Құрбан айт мерекесі қарсаңында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
- Аудандар мен Ақтөбе қаласының әкімдеріне, Ақтөбе облысының кәсіпкерлік басқармасына, Ақтөбе облысының діни істер бойынша басқармасына, меншік нысанына қарамастан кәсіпкерлік субъектілеріне, Ақтөбе облысының тұрғындарына:
1.1. Көпшілік, мерекелік және отбасылық іс-шараларын, оның ішінде үй ішінде адамдар көп жиналып іс-шараларды өткізуге тыйым салуды;
1.2. Құрбан айт мерекесі күндері 2020 жылғы 31 шілде мен 2 тамыз аралығында мал базар қызметіне тыйым салуды;
1.3. Мал сою орындарын анықтау және құрбан шалу рәсімдерін онлайн форматта жүзеге асыруын ұйымдастыруды;
1.4. Мал союды тек тапсырыс және жеткізу арқылы ветеринарлық сертификат болған жағдайда, келушілерсіз жүргізуді;
1.5. Мал сою цехтарының барлық персоналын термометрия жүргізу үшін медицина қызметкерін тартуды және нәтижелерін журналға енгізуді;
1.6. Жіті респираторлық инфекциялар (жоғары температура, жөтел, тұмау) және басқа да жұқпалы аурулар белгілері бар қызметкерлерді жұмысқа жібермеуді;
1.7.Ветеринариялық - санитариялық нормалар талаптарына сәйкестендіріп, мал сою цехтарының тиісті санитарлық жағдайын қамтамасыз етуді;
1.8. Инженерлік коммуникациялардың (сумен жабдықтау, кәріз, желдету) жарамды жағдайын қамтамасыз етуді;
1.9. Кіре берісте дезинфекциялау кілемшесін орнатуды;
1.10. Мал сою цехтарында күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді қамтамасыз етуді;
1.11. Дезинфекция жүргізу үшін белгіленген тәртіппен тіркелген және қолдануға рұқсат етілген, қолдану жөніндегі нұсқаулықтарда вирустық инфекциялар кезінде объектілерді зарарсыздандыру режимдері көрсетілген дезинфекциялау құралдарын қолдануды;
1.12. Персоналды арнайы киіммен, бір рет қолданылатын медициналық маскалар, қолғаптар қорымен (жұмыс ауысымы мен маскаларды ауыстыру ұзақтығына қарай 2 сағатта кемінде 1 рет), қолды өңдеуге арналған тері антисептиктерімен, дезинфекциялау құралдарымен қамтамасыз етуді;
1.13. Мал сою цехтарының санитариялық тораптарын ағынды ыстық және суық сумен, сұйық сабынмен, қолға арналған электр кептіргіштермен немесе бір реттік сулықтармен және тері антисептиктерімен қамтамасыз етуді;
1.14. Жуу және дезинфекциялау құралдары, маскалар, қолғаптар және антисептиктер қорының болуын қамтамасыз етуді;
1.15. Ұшаларды сақтау үшін жеткілікті мөлшерде тоңазытқыш жабдықтармен және белгіленген орынға дейін рефрижераторлармен тасымалдауды қамтамасыз етуді;
1.16. Жоғарыда көрсетілген тармақтардың сақталуын қамтамасыз ететін жауапты қызметкерлерді бекітуді.
2. ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ақтөбе облыстық аумақтық инспекциясының басшысына қамтамасыз етуді:
2.1. Мал союмен айналысатын кәсіпкерлік субъектілері басшыларымен қаулы тармақтарын орындауын бақылауды.
3. Ақтөбе облысының полиция департаментіне қамтамасыз етуді:
3.1. Мал сою цехтарына бөгде адамдарды жібермеу бойынша бақылауды;
3.2. Белгіленбеген жерлерде тұрғындардың мал союға жол бермеуін бақылауды.
4. Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасына, Ақтөбе облысының діни істері басқармасына:
4.1. БАҚ және әлеуметтік желілері арқылы онлайн форматта құрбандық шалу рәсімін жүзеге асыру туралы халықты хабардар етуді;
4.2. Осы қаулыны барлық мүдделі мемлекеттік органдарға, ұйымдарға, кәсіпкерлік субъектілеріне және Ақтөбе облысының тұрғындарына жеткізуді.
5. Қаулы меншік нысанына қарамастан барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Ақтөбе облысының
Бас Мемлекеттік
санитариялық дәрігері Н.А. Беркімбаева