Бержанова Айнагуль Канбаевна Қарғалы аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысының міндетін атқарушы. 1984 жылы туылған. 2007 жылы Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина академиясын тамамдап, дәрігер гигиенист-эпидемиолог біліктілігін алды! Әскери шені лейтенант. Еңбек жолын жетекші маманнан бастаған. Еңбек өтілі 15 жыл, мемлекеттік кызметте 9 жыл.
Мемлекеттік қызметші болу үлкен жауапкершілік. Оның адамдармен қарым-қатынасы, әр қимыл қозғалысы қоғам назарында. Сондықтан ол мемлекеттік қызметшінің моралдық бет-бейнесі мен этикасына айрықша көңіл бөлінуге тиіс. Мемлекеттік қызметшілер жеке өмірінде ұқыпты, өз ісімен өзгеге үлгі болуды естен шығармағаны дұрыс.
Бержанова Айнагуль Канбаевна мемлекеттік қызметпен қатар спортты бірге алып келеді. Жастайынан спортпен айналысқан. 2016 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының тесті бойынша 24-39 және одан жоғары жас аралығындағы әйелдер арасындағы Кросстан 2 орын алғаны үшін құрмет грамотасымен және «Отбасы – біздің әлеміміз, біздің тыныштығымыз, біздің болашығымыз!» атты ұранымен Ұлттық отбасы күніне орай ұйымдастырылған спорттық сайыста «Ең жүйрік отбасы!» номинациясын жеңіп алғаны үшін мадақтамамен, 2019 жылы «Қарғалы аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ ұйымдастыруымен Спорт күніне орай өткізілген аудандық отбасылық эстафета жарысында 3 орын алғаны үшін мадақтамамен және Қарғалы ауданының Халық спорттық ойындарда атты сайыста «Волейболдан» 1 орынды жеңіп алғаны үшін дипломмен, 2022 жылы Салауатты өмір салтын қалыптастыру және бұқаралық спортты дамыту мақсатында секіртпемен секіруден ересектер арасында өткен аудандық сайыста 3 орынды жеңіп алғаны үшін мадақтамамен марапатталды.
Отбасы құндылықтарын сақтай отырып, қазақи менталитетімізге сай ибалылық, кішіпейілділік, мейірімділік, жақсыға құштарлықты бойға сіңіре білген үлгілі отбасылардың бірі. Бержанова Айнагуль Канбаевна отағасы Уакбаев Бакытбекпен 4 бала тәрбиелеп отырған үлгілі отбасы, көп балалы ана.