Ақтөбе қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының эпидемиологиялық бақылау және қадағалау бөлімінің бас маманы Қаратаев Жалғасбай Таласбайұлы, 1984 жылы - Қарағанды мемлекеттік медицина институтын тәмамдап, дәрігер гигиенист-эпидемиолог квалификациясын алды.
Өз қызметінде іскерлік қасиеттері мен мінез-құлық қағидаларын реттейтін Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін қатаң сақтайды. Мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілі 20 жыл, жалпы еңбек өтілі 44 жылдан астам.
Мемлекеттік қызметші тек өзінің кәсіби біліктілігімен, мінез-құлқымен ғана емес, жүріс-тұрысымен, киім-киісімен де жұртқа үлгі болуға тиіс. Біз мінсіз мемлекеттік қызметшінің нағыз бейнесін жасауға тырысып келеміз. Бұл Елбасының кәсіби мемлекеттік аппарат құру жолында алдымызға қойған міндеттерінің бірі. Бұл жауапкершілікті, яғни кәсіби мемлекеттік аппарат құруды әр мемлекеттік қызметші «менің міндетім» деп түсінуі керек - дейді Жалғасбай Таласбайұлы
2016 жылы «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төс белгісімен, 2020 жылы Департамент басшысының "Құрмет грамотасы" - мен, 2022 жылы Ақтөбе облысының әкімі О.Оразалиннің «Алғыс хат»-мен марапатталды.