2023 жылы 28 шілде күні Ақтөбе облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті департаменттің сондай-ақ қалалық және аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары үшін Zoom платформасында «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Рсепубликасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі» тақырыбында құқықтық оқыту (онлайн) өткізді.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп стандарттарын белгілейді және қоғамның мемлекеттік органдарға сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға және парасаттылық атмосферасын құруға, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз мінез-құлық жағдайларының алдын алуға бағытталған.