Мектеп формасына қойылатын талаптар

Ақтөбе облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті жаңа оқу жылы қарсаңында мектеп формасы балалардың денсаулығын сақтауды қамтамасыз етуі тиіс екенін еске салады.

Ата-аналар балаға мектеп киімін сатып алғанда, бұл киімде 5-6 сағат немесе одан да көп уақыт өткізетінін есте ұстаған жөн.

Балалар мен жасөспірімдерге, оның ішінде мектеп формасына арналған киімге қойылатын талаптар Кеден одағының "Балалар мен жасөспірімдерге арналған өнімнің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінде регламенттелген (КО ТР 007).

Өнімнің таңбалануы сенімді, тексерілетін, оқылатын және тексеруге және сәйкестендіруге қол жетімді болуы керек. Өнімнің таңбалануы бұйымға, этикетке немесе тауар жапсырмасына бекітілетін зат белгіге, бұйымның қаптамасына, бұйымдар тобының қаптамасына немесе өнімге жапсырма-параққа салынады.

Өнімді таңбалау келесі ақпаратты қамтуы керек:

  • Өндірушінің (өндіруші уәкілеттік берген тұлғаның), импорттаушының, сатушының атауы және орналасқан жері;
  • Өнім өндірілген елдің атауы;
  • Өнім атауы;
  • Өнімнің түрі (тағайындалуы) (қажет болған жағдайда);
  • Жасалған күні (айы, жылы);
  • Нарықтағы бірыңғай айналым белгісі;
  • Өнімнің қызмет ету мерзімі (қажет болған жағдайда);
  • Кепілдік қызмет мерзімі (қажет болған жағдайда);
  • Тауар белгісі (бар болса).

Мектеп формасы балаға ыңғайлы, дене температурасын, ылғалдылығын, бу және ауа өткізгіштігін бұзбауы керек.

Баланың денсаулығы үшін мектеп формасының қауіпсіздігінің кепілі ретінде сәйкестік сертификаты болуы қажет, сатушы сатып алушыға осы құжатты оның талабы бойынша ұсынуға міндетті.

Дата публикации
07 августа 2023