Репродуктивті жүйе ауруларының алдын алу

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының анықтамасы бойынша репродуктивтік денсаулық - бұл толық дені сау, ойлау қабілеті дамыған,
әлеуметтік дұрыс жағдайда өзіне ұқсас ұрпақ жалғастыра алу процесі деп
саналады. Репродуктивтік денсаулық тіршілік жағдайына, тамақтануға,
экологияға, генетикалық тұқым қуалаушылыққа да байланысты.
Репродуктивтік жүйенің мақсаты отбасын құруды жоспарлау мен жүктілік
кезіндегі қауіп-қатерді болдырмау.
Адамның репродуктивті жүйесі құрсақішілік даму кезеңінде қаланады.
Болашақ сәбидің репродуктивті жүйесінің сәтті қалыптасуының және жұмыс істеуінің кепілі - ананың жүктілігі мен босануының қалыпты ағымына байланысты. Болашақ бала денсаулығының негізі - дені сау ата-аналар.

Репродуктивті жүйе ауруларының қауіпті факторларын екі түрге бөлуге болады - жойылмайтын және жойылатын.
Тәуекелдің жойылмайтын факторлары:
- әйелдердің жасына байланысты. Жатыр мойны обыры орта жастағы
әйелдерде (35-55 жас) жиі кездеседі, 20% жағдайда – 65 жастан асқан;
- тұқым қуалаушылық. Жатыр мойны обырының дамуы 20% тұқым
қуалайды, егер анасында немесе әжесінде бұл ауру болса, сіздің де ауыру
қаупіңіз артады.
Қауіп-қатердің жойылатын факторлары:
- қант диабеті. Қант диабеті инфекциялардың пайда болу мүмкіндігін
арттырады;
- жеке гигиена ережелерін сақтамау;
- стресс; Созылмалы стресс әртүрлі қабыну ауруларының дамуына
әкеледі;
- несеп-жыныс жүйесінің жұқпалы ауруларының көпшілігі бедеулікке
дейінгі асқынулардың дамуына әкелуі мүмкін.
Репродуктивті жүйе ауруларының алдын алу:
- несеп-жыныс жүйесінің инфекцияларын уақтылы емдеу;
- гигиена ережелерін сақтау;
- отбасын жоспарлау барысында жатыр мойны обырымен, ауырудың
жоғары қаупін ескеру;
- үнемі медициналық бақылаудан өту, әйелдер жыныс жүйесінің
ауруларын дер кезінде анықтау.
Репродуктивті жүйе ауруларының салдарымен күресуден гөрі аурудың
алдын алу оңайырақ.

Ақтөбе облысының санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау департаменті

Дата публикации
29 августа 2023