Эхинококкоз ауруының алдын алу

Эхинококкоз – бауыр, өкпе, ми, жүрек және сүйектердегі кисталық түзілімдердің дамуымен сипатталатын паразиттік ауру. Инфекцияның негізгі көзі – иттер, сирек жағдайда мысықтар, қасқырлар мен шибөрілер.

Адамның иттермен қарым-қатынасы – инфекция жұқтырудың негізгі жолы, гельминт жұмыртқалар олардың жүнінде және тілінде болуы мүмкін. Сондай-ақ адам ауруды аң аулау, теріні кесу және өңдеу, жабайы жануарлардың нәжісімен ластанған жабайы шөптер мен жидектерді тұтыну, табиғи су қоймаларынан су ішу кезінде жұқтыруы мүмкін.

2023 жылдың 6 айында аурудың 16 жағдайы тіркелді, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында – 1 жағдай. 2022 жылдың осы кезеңінде эхинококкоздың 23 жағдайы тіркелді, оның ішінде балалар арасында 6 жағдай.

Иттердің ауруды жұқтыруының алдын алу үшін ауыл шаруашылығы жануарларын сою қағидаларын сақтау, сондай-ақ иттердің ет комбинаттарына, қасапханаларға, мал қорымдарының аумағына кіруіне тосқауыл қою қажет. Адамнан адамға ауру берілмейді.

Тәуекел топтарына: шопандар, аңшылар, ветеринария қызметкерлері, сондай-ақ ет өңдеу кәсіпорындарының, сою пункттерінің, жануарларды жою және көму объектілерінің қызметкерлері және жыл сайын жоспарлы түрде эхинококкозға тексерілуі тиіс иттердің иелері жатады.

Эхинококкоздың алдын  алу мақсатында:

- таматақтану алдында, бақшада жұмыс жасағаннан кейін, иттермен, мысықтармен қатынасқаннан кейін қолды сабындап жуу;

- балалар ойнайтын алаңдарда иттерді серуендетуге жол бермеу, құмсалғышты ластанудан қорғау;

- үй жануарларын үнемі ветеринариялық тексеру және дегельментизациясын жүргізу;

- иттерді, мысықтарды ауру жануарлардың қалдықтарымен тамақтандырмау;

- көкөністерді, көк шөптерді, жабайы жидектерді тұтынар алдында жуып, қайнаған сумен шаю;

- отбасының бір мүшесінде паразиттік аурулар анықталған жағдайда барлық отбасын, соның ішінде үй жануарларын да емдеу қажет.

Дата публикации
31 августа 2023