Үстімздегі жылдың осы кезеңінде Ақтөбе облысының аумағындағы санитариялық – эпидемиологиялық жағдай тұрақты деп сипатталады.
Өткен 2022 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда келесі инфекциялар бойынша халық арасында аурушаңдық көрсеткіштері төмендеген: ротавирусты энтерит 6,7 есеге (2022жыл - 223, АК-24,47, 2023жыл - 34, АК-3,65), менингококкты инфекциясы 3 жағдайға (2022жыл - 3, АК-0,33, 2023жыл - 0), иерсиниоз 4 жағдайға (2022жыл - 4, АК-0,44, 2023жыл - 0), эхинококкоз 31,2% (2022жыл - 37, АК-4,06, 2023жыл - 26, АК-2,79), аскаридоз 18,4% (2022жыл - 90, АК-9,88, 2023жыл - 75, АК-8,06), энтеробиоз 11,6% (2022жыл - 215, АК-23,59, 2023жыл - 194, АК-20,85), тениоз 1 жағдайға (2022жыл - 5, АК-0,55, 2023жыл - 4, АК-0,43), описторхоз 1 жағдайға (2022жыл - 2, АК-0,22, 2023жыл - 1, АК-0,11).
Жедел респираторлы вирусты инфекция ауруының 121503 жағдайы тіркелді (АК-13055,42), оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында 74528 жағдай. Өткен 2022 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда ЖРВИ аурушаңдығы 18,56 есеге өскені байқалды (2022 ж 8 ай ішінде ЖРВИ 6412 жағдай, АК-703,59).
Тұмау ауруының 30 жағдайы (2022жылы – 1 жағдай) тіркелді, оның ішінде Ақтөбе қаласында 26, Мәртөк, Темір, Ойыл және Хромтау аудандарында 1 жағдайдан.
Барлық тіркелген 30 тұмау жағдайларының ішінде 4-і (13,3%) жүкті әйелдер арасында және 20-ы (66,6%) 14 жасқа дейінгі балалар арасында. Тұмау ауруына шалдыққан науқастардың барлығы тұмауға қарсы екпе алмаған.
Дейтұрғанмен, Ақтөбе облысы аумағында қызылша инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы қолайсыз болып отыр.
Қызылша аруының алғашқы жағдайы Ақтөбе қаласында үстіміздегі жылдың 16 ақпанында тіркелген (Науқас Түркия елінде қызылшамен ауырған адаммен байланыста болған) болатын.
Содан бері, бүгінгі күнге дейін Ақтөбе облысының тұрғындары арасында қызылша ауруына күдікті 251 жағдайы тіркелді, соның 177 жағдайы зертханалық жолмен расталған (АК-19,02). Зертханалық жолмен расталғаны - 177 жағдайдың ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында – 146 (82,4%) жағдай. Айта кету керек, тіркелген қызылша ауруының 70%-дан астамы қызылшаға қарсы екпе алмаған балалар арасында орын алған.
Анықтама: Қызылша ауруының күдікті жағдайлардың ішінде Ақтөбе қаласында 232 жағдайы, Шалқар ауданында 6 жағдайы, Мәртөк және Ойыл аудандарында 4 жағдайдан, Алға ауданында 3, Әйтеке би және Хромтау аудандарында 1 жағдайдан тіркелді.
Қызылша инфекциясы адамнан адамға өте тез жұғатынын ескерсек алдағы уақытта қызылшаға қарсы екпе алмаған адамдар арасында сырқаттанушылықтың өсуі күтілуде. (2023 жылдың 1 қыркүйегіне өсім көрсеткішімен профилактикалық екпеден бас тартудың 3290 жағдайы тіркелді, оның ішінде 2459 бала қызылшаға қарсы екпелерін алмаған).
Сонымен қатар, аландатып отырған мәселенің бірі, ол Ақтөбе облысы тұрғындары арасында көкжөтел инфекциясының тіркелуі.
Үстіміздегі жылдың 6 қыркүйегіне Ақтөбе облысы тұрғындарының арасында көкжөтел ауруына күдікті 10 жағдай тіркелді, оның ішінде зертханалық жолмен расталғаны – 4 жағдай (АК-0,43).
Күдікті 10 жағдайдың ішінде Ақтөбе қаласында 7 жағдай, Алға, Мұғалжар және Хромтау аудандарында 1 жағдайдан тіркелді.
Тіркелген көкжөтел ауруының 100% да көкжөтелге қарсы екпе алмаған балалар арасында тіркеліп отыр.
Әр түрлі себептерге байланысты көкжөтелге қарсы екпе алмаған 2518 баланы ескетерін болсақ көкжөтел ауруының әрі қарай өсуі күтілуде.
Құрметті азаматтар!
Тағы да естеріңізге сала кетсек, вакцинамен реттелетін аурулардан (қызылша, қызамық, көкжөтел, күл, сіріспе, полиомиелит және т.б.) қорғанудың бірден-бір тиімді қорғану әдісі – вакцинация!
Қазақстан Республикасының ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес қызылшаға қарсы егу иммунитетті тұрақты қалыптастыру үшін 1 жаста және 6 жаста ревакцинация, сондай-ақ қызылшамен қатынаста болған, бұрын қызылшаға қарсы вакцина алмаған 30 жасқа дейінгі адамдарға жүргізіледі.
Көкжөтелге қарсы вакцинация 2, 3, 4 айда және 18 айда ревакцинация жүргізіледі.
Қызылша және көкжөтелдің алдын алу мақсатында ата-аналарға ұсынатынымыз:
- өз баласының егу мәртебесін тексеру. Вакцинациялар болмаған жағдайда тұрғылықты жері бойынша емханаларда профилактикалық егуді алу;
- егер бала әр түрлі себептерге байланысты вакцинацияланбаған болса, оларды адамдар көп жиналатын жерлерде болуын шектеу (түрлі мәдени-көпшілік іс-шараларға қатысу, сауда, ойын-сауық орталықтарында және т. б. ойын алаңдарына баруды шектеу);
- аурудың алғашқы белгілері пайда болған кезде, яғни дене қызуының көтерілуі, мұрыннан су ағу, жөтел, денеде бөртпенің пайда болуы кезінде дереу медициналық көмекке жүгіну керек!
Құрметті азаматтар!
Вакцинациядан бас тартпаңыз! Тек уақытылы вакцинация инфекциядан қорғай алады! Балалар мен жақындардың денсаулығын сақтаңыз!
Анықтама:
- Ошақтарда эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізілу барысында барлығы қарым-қатынаста болған 6519 адам анықталды, оның ішінде эпидемиологиялық көрсеткіш бойынша иммундауға жататыны – 156, оның ішінде эпидемиологиялық көрсеткіш бойынша екпемен қамтылғаны – 36, медициналық қарсы көрсетілім бойынша – 63 адам екпе алған жоқ. Қарым-қатынаста болған барлық адамдар күнделікті медициналық бақылауға алынды.
- Қызылшаға, қызамыққа және паротитке қарсы профилактикалық егулерді өткізіп алған 14 жасқа дейінгі балалар, 30 жасқа дейінгі қызылшаға қарсы егілмеген, егілуі туралы деректері жоқ ересектер және бұрын қызылшаға қарсы егілмеген 55 жасқа дейінгі медицина қызметкерлеріне қызылшаға қарсы иммундау жұмысы жүргізілуде.
Ақтөбе облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты.
Ағымдағы жылдың 8 айында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда аурушаңдық 245 есеге, яғни 10540-тан 43 жағдайға төмендеген.
COVID-19 пандемиясы басталғаннан бері облыста барлығы 45 765 COVID-19 жағдайы тіркелді, оның 34 301-і симптомды (74,9%) және 11464-і симптомсыз (25,1%) болды.
45 765 жағдайдың 0,5% (258/0) сырттан әкелінген, 9,8% (4526) аурумен жанасқандар болған, 89,7% (40981) жергілікті жағдайлар, оның ішінде 20,5% (8422) профилактикалық мақсатта тексерілгендер.
Анықтама үшін: 2020 – 3690 жағдай, 2021 ж – 31269 ж., 2022 – 10763 ж., 2023 жылдың ағымдағы кезеңі – 47 ж..
Ағымдағы жылы КВИ 43 жағдайы тіркелді (қаңтар – 26, ақпан – 4, наурыз – 4, сәуір – 5, мамыр – 1, маусым - 3), оның ішінде: Ақтөбеде - 31, Алға ауданы - 2, Қобда ауданы - 5, Мұғалжар ауданыа - 1, Темір ауданыа - 1, Ойыл ауданыа - 2 және Хромтау ауданы - 1.
КВИ аурушаңдығының жоғарылауы 2021 жылдың наурыз айынан бастап қыркүйек айына дейін (наурыз – 1054, сәуір – 3909, мамыр – 2015, маусым – 776, шілде – 4757, тамыз - 10977) жалғасты, күрт жоғарылауы тамыз айында байқалды. Одан кейін 2022 жылдың қаңтар-ақпан және тамыз айларында аурушаңдықтың өсуі байқалды.
Ақтөбе облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті SARS-CoV-2 вирусының айналымын бақылауды жалғастыруда.
2023 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша жоспарланған 622395 адамның 449518-і I компонентпен егілді (72,2%), 445274 адам (71,5%) II компонентпен қамтылды. Ревакцинациямен қамтылған адамдар саны – 255 123 (74,8%)
Ақтөбе облысы тұрғындарының жалпы санынан 911326 адам, оның ішінде вакцинаның 1 компонентін алған халықтың саны – 49,3%, ал толық курспен қамтылғаны 48,8 % құрайды.
Веросель вакцинасының 102 дозасы қалды (05.09.2023ж.)