Балалардағы қант диабеті – бұл созылмалы патология, онда метаболизмнің бұзылуы, ең алдымен көмірсулардың бұзылуы орын алады. Ол инсулин өндірісінің жетіспеушілігінен немесе (сирек) тіндердің осы гормонды қабылдамаушылығына байланысты дамиды. Балалық шақта ол әсіресе күрт басталып, тез нашарлайды.
Балалардағы қант диабетінің ағымын екі кезеңге бөлуге болады:
Мәселен, Ақтөбе облысында қант диабетімен ауыратын балалардың жалпы саны 2023 жылдың 1 жартыжылдығының қорытындысы бойынша 3964 баланы құрады. Балалар арасында қант диабетінің таралу көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда – 425,9 құрады (2022 жылғы 1 жартыжылдықта -4184/461,0). Балалар арасында қант диабетінің таралу көрсеткіштерінің айтарлықтай төмендеуіне қарамастан, облыстың мынадай өңірлерінде: Әйтеке би аймағында (1 жартыжылдықта) қант диабетінің таралуының өсуі байқалады. 2022 ж. -316,0 / 1 жарты жыл.2023ж.-379,5), Байғанин (51,4/65,3) ,Ыргыз (0/42, 9), Қобда (175,0/237,6), Мәртөк (322,2/344,0), Мұғалжар (118,3/131,0), Ойыл (192,9/273,3), Хромтау (338,7/362,2), Шалқар аудандарында (200,8/220,4) және Ақтөбе қаласында (453,1/566,7), сондай – ақ Ақтөбе қаласында 100 мың тұрғынға шаққанда облыстық (425,9) сырқаттанушылық көрсеткішінен-566,7 асады.
Соңғы 5 жылда Ақтөбе облысы бойынша (2018-2022ж) балалар мен жасөспірімдер арасында қант диабетімен сырқаттанушылықтың өсуі байқалады. 2018 жылы 121 бала қант диабетіне шалдықса, ал 2022 жылы сырқаттанған бала саны – 192 болып отыр.
Балалар арасында қант диабетінің алдын алу: