Балаларды қорғау күні мерекесі қарсаңында ата-аналар балаларын қуантқысы келіп, сыйлыққа ойыншықтар таңдап, сатып ала бастайды. Қауіпсіз ойыншықты таңдау оңай болмайды, ата-аналар осы кезде бірнеше нәрсені ескеруі керек.
Ойыншықтарды таңдаған кезде таңбалаудың болуына, оның екі тілде (мемлекеттік және орыс тілдерінде) оңай оқылуына ерекше назар аудару ұсынылады.
Ойыншықтың таңбалауы келесі ақпаратты қамтуы керек: ойыншықтың атауы, ойыншық жасалған ел, өндірушінің мекенжайы мен атауы, дайындаушының тауар белгісі (бар болса), ойыншықтың шикізаты, жарамдылық мерзімі, сақтау шарттары, ойыншықты қолдану кезіндегі қауіпсіздік шаралары, ескерту жадынамалары, ойыншыққа күтім жасау тәсілдері (қажет болған жағдайда), баланың жасына қарай қолданылуы, ЕАЭО елдерінің бірыңғай белгісі. Таңбалаудан басқа, ата-аналар ойыншықтың қауіпсіздігіне сенімді болуы керек.
Таңбалаудан басқа, ата-аналар сатып алатын ойыншықтың қауіпсіздігіне сенімді болуға тиіс, ол үшін олар «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7 бабына сәйкес өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттарды (сертификатты) талап ете алады.
Сертификаттың болуы аккредиттелген зертханаларда ойыншықтардың химиялық, радиациялық, токсикологиялық көрсеткіштерге зерттелгенін және Кеден одағының «Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы» 008/2013 техникалық регламентінің талаптарына сәйкес келетіндігін көрсетеді.
Ақтөбе облысының 2022 жылғы өнімдерінің қауіпсіздігі мониторингі шеңберінде іріктелген ойыншықтарды зертханалық зерттеу деректерінің нәтижелерін талдауы көрсеткендей, зерттелген өнімнің 10% таңбалау бойынша Кеден одағының «Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы» 008/2013 техникалық регламентінің талаптарына сәйкес келмеді, олардың барлығы үшінші елдердің өнімдері.
Есіңізде болсын, балалар-сіздің болашағыңыз және олардың денсаулығы-әрбір ата-ананың маңызды міндеті!