ББҚ-ды қалай таңдауға болады

Бүгінгі таңда нарықта әртүрлі желілік маркетингтер мен интернет-сайттар арқылы жарнамаланатын және сатылатын тағамға арналған биологиялық белсенді қоспалар алуан түрлі.

Бүгінде көптеген адамдар өз денсаулығына ұқыпты қарайды және түрлі аурулардың алдын алу мақсатында тағамға биологиялық белсенді қоспалар (ББҚ) қабылдайды.

Алайда, адам бұл мәселеге саналы түрде қарауы керек және ең алдымен оған тағамдық қоспалар қажет пе? Ол үшін тұтынушы тиісті анализдерден өтіп, белгілі бір дәрумендердің, минералдардың немесе басқа заттардың қажеттілігін анықтауы керек.

Бүгінгі күні сатушылар мен жарнама таратушылар адамдарды жаңылыстырады, ББҚ ауруларды емдеу мақсатында емес, ағзаға қажетті кейбір қарапайым тағамды дәрумендер мен минералдармен байыту және толықтыру үшін қолданылады.

ББҚ қолдану кейбір жағдайда қауіпті екенін түсіну маңызды.

ББҚ жарнамалауға қойылатын талаптар 27.10.2020 ж. № ҚР ДСМ-160/2020 ережелерімен реттеледі.

Осыған байланысты кәсіпкерлік субъектілері мен жарнама таратушылар осы Ережелерге сәйкес ББҚ сату бойынша жарнаманы орналастыру ережелерін сақтауы керек.

Осы Ережелерге сәйкес ББҚ жарнамалау кезінде өнім атауын, сауда маркасын, оның құрамын, өнімді қолдануға арналған негізгі көрсеткіштер мен ұсыныстарды, жанама әсерлері мен қарсы көрсетілімдерін, балаларға, жүкті әйелдерге қатысты ерекше нұсқауларды, сондай-ақ ана сүтімен емізу кезінде көрсетумен қатар, олардың сапасы мен қауіпсіздігін куәландыратын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің болуын көрсету қажет.

Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 880 шешімімен қабылданған 021/2011 КО ТР «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентіне сәйкес ББҚ міндетті мемлекеттік тіркеуге жатады.

Жарнама арқылы  ББҚ сатып алғанда, сақ болыңыз, сатушыдан өнімнің қауіпсіздігін растайтын құжаттарды талап етіңіз немесе Еуразиялық экономикалық комиссияның ресми сайтында орналастырылған мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің www.eurasiancommission.org. бірыңғай тізілімінде мемлекеттік тіркеудің болуын тексеріп алыңыз.

Жалпы, ББҚ қабылдауға саналы түрде қарауыңыз керек, кімге және қашан қажет екенін түсіну керек, сонда ғана ББҚ пайда әкеледі.

Ақтөбе облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті ББҚ қауіпсіздігіне және оның әлеуметтік желілердегі жарнамасына тұрақты түрде мониторинг жүргізеді.

Ағымдағы жылдың өткен кезеңіндегі мониторинг қорытындысы бойынша ББҚ жарнама таратушыларына өнімдердің қауіпсіздігін растайтын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік болмауына байланысты 37 ұсыныс хат берілді.

Дата публикации
09 марта 2023