Талдамалық анықтама
сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы
Ақтөбе облысы 24-28 шілде 2023 жыл
Ақтөбе қаласы
І. Кіріспе
«Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Ақтөбе облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінде «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген, Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларының 3 және 4 тармақшаларына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жүргізілді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жүргізу сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг нәтижесіне негізделді.
Басқарманың сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдерінің басым бағыты мемлекеттік бақылау және қадағалау бойынша тексеру жүргізу және мемлекеттік қызмет көрсету.
ІІ. Ақпараттық-талдамалық бөлім
2.1. «Мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңы бойынша:
«Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығына сәйкес «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Ақтөбе облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі келесідей мемлекеттік қызмет көрсетеді:
1) «Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыларды беру»;
2) «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын тамақ өнімін өндіру объектілеріне есепке алу нөмірлерін беру»;
3) «Патогендігі I-IV топтың микроорганизмдерімен және гельминттермен жұмыс істеуге рұқсат беру».
Бұйрыққа сәйкес жоғарыда көрсетілген мемлекеттік қызметтердің барлығы электронды түрде «электрондық үкімет» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы арқылы ғана көрсетеді.
2.2. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауға қатысты:
Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің талабына сәйкес жеке және заңды тұлғалардан өтініштерді қабылдау мен тіркеу жүзеге асырылуда.
2.3. Сыбайлас жемқорлыққа қатысты БАҚ сын пікірлер: Бұқаралық ақпарат құралдарында Ақтөбе облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің қызметкерлері жемқорлыққа қатысты сын пікірлер болған жоқ.
2.4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2022 жылға арналған іс-шаралар туралы жоспарының тиімді орындалуы туралы:
Ақтөбе облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2021-2023 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес табыс туралы декларацияны салық органына ұсынылды, «Сенім телефоны», жеке және заңды тұлғаларының арыздар мен хаттарына арналған пошта жәшігінің жұмыс істеуі қамтамасыз етілуде.
«Ойыл» аудандық қоғамдық-саяси газет 2022 жылғы 18 қаңтардағы №2 (7897) санында «Жемқорлыққа жол бермеу – бәрімізге міндет»;
«Хромтау» аудандық қоғамдық-саяси газет 2022 жылғы 10 ақпандағы №11 (9009) санында «Сыбайлас жемқорлық - қасірет»;
«Қобда» аудандық қоғамдық-саяси газет 2022 жылғы 24 ақпандағы №7 (6937) санында «Профилактика коррупционных правонарушений»;
«Жұлдыз-Звезда» аудандық қоғамдық-саяси газет 2022 жылғы 23 маусымдағы №25 (7196) (8874)санында «Жемқорлықпен күресу – әрбір азаматтың міндеті»;
«Ырғыз» аудандық қоғамдық-саяси газет 2022 жылғы 13 шілдедігі №28 (8201) санында «Жемқорлық – әлемдік қоғам дерті»;
«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газет 2022 жылғы 26 тамыздағы №34-35 (7984) санында «Сыбайлас жемқорлық – елдің дамуын тежейтін аса қауіпті қоғамдық дерт»;
«Жұлдыз-Звезда» аудандық қоғамдық-саяси газет 2022 жылғы 2 қыркүйектегі №35 (7206) (8884) санында «Жемқорлық – әлемдік қоғам дерті»;
«Мәртөк» аудандық қоғамдық-саяси газет 2022 жылғы 21 қыркүйектегі №37 (8948) санында «Сыбайлас жемқорлық – елдің дамуың тежейтін қоғамдық дерт»;
«Қарғалы» аудандық қоғамдық-саяси газет 2022 жылғы 9 қарашадағы №45 (5244) санында «Жемқорлықпен күресі міндет»;
«Ақтөбе» газеті 2022 жылғы 10 қарашадағы №52 (8793) санында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес - басым бағыттың бірі»;
«Ақтөбе» газеті 2022 жылғы 27 қарашадағы №126 (21315) санында «Мақсат – жемқорлықты жеңу».
Департамент және оның аумақтық басқармалары бойынша мемлекеттiк қызметтен терiс себептер бойынша шығарылған адамдар жоқ.
Департаментте және оның аумақтық басқармаларында жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсету барысында санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандары және азаматтар арасында тікелей қарым-қатынасты болдырмау мақсатында өткізу режимі енгізіліп, барлық құжаттарды қабылдау және беру «бір терезе» қағидасына сәйкес жүргізілуі қамтамасыз етілді.
Департамент және оның аумақтық басқармаларымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтің түрлері толығымен электрондық форматқа көшіріліп, қызмет алушылармен тікелей байланыс жойылды.
Департамент және оның аумақтық басқармаларының сенім телефондары туралы мәлімет жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халыққа хабарландырылып, түскен ақпаратты тіркейтін жауапты тұлғалар белгіленген. Сенім телефонының тұрақты жұмыс жасауы кезең-кезеңімен тексеріліп, қадағаланып отырады. Қолжетімді жерлерде лауазымды тұлғаларға қатысты заң бұзушылық фактілері бойынша тұрғындардың арыз - шағымдарын қабылдау жәшіктері орнатылды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізіліп отырған іс-шаралармен ақпараттандыру мақсатында барлық аумақтық басқармаларда «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бұрышы» стенді орнатылды.
2.5. Сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық және тәртіптік жазалар туралы: Сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқықбұзушылық фактілері орын алған жоқ.
2.6. Департаменттің бақылау фунцияларына қатысты:
Мемлекеттік органның міндеті: тиісті аумақта құзыретінің шегінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы басшылықты және мемлекеттік саясатты іске асыруды, мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау мен қадағалауға жататын өнімді, оның ішінде тамақ өнімін бақылау мен қадағалауды, техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың және биологиялық қауіпсіздік саласындағы талаптардың сақталуын бақылауды және қадағалауды, сондай-ақ биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған іс-шараларды реттеуді және іске асыруды жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2022 жылғы 16 маусымдағы № ҚР ДСМ-52 бұйрығымен бекітілген «Әкімшілік және тұрғын ғимараттарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларының 42 тармағына сәйкес селолық елді мекендерде пешпен жылытуды орнатуға рұқсат етілмейтіндігі көрсетілсе, ал Санитариялық қағиданың ресми тіліндегі нұсқасында селолық елді мекендерде пешпен жылытуды орнатуға рұқсат етілетіндігі көрсетілген (В сельских населенных пунктах разрешается устройство печного отопления).
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2022 жылғы 16 мамырдағы №ҚР ДСМ-44 бұйрығымен бекітілген, «Паразиттік аурулардың алдын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларының 31 тармағының мәтінінің мемлекеттік тілдегі нұсқасымен ресми тілдегі нұсқасы сәйкес келмейді.
Мемлекеттік тілдегі нұсқасы - «Қоршаған ортада жаңадан анықталған науқастар мен қоздырғыштар болмаған кезде аумақтық бөлімшенің маманы медициналық ұйымның маманымен бірлесіп ошақты бақылау есебінен алуды жүргізеді.»;
Ресми тілдегі нұсқасы - «При отсутствии в очаге (микроочаге) в течение двух лет вновь выявленных больных и возбудителей в окружающей среде (почва) специалист территориального подразделения совместно со специалистом медицинской организации проводят снятие очага аскаридоза (трихоцефалеза) с учета наблюдения.».
ІІІ. Қорытынды
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жүргізу нәтижесі бойынша келесі ұсыныстар туындап отыр:
«Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесіне келесідей нормативтік құқықтық актілердің қайшылығы бойынша ұсыныс жолдау:
Департамент басшысының орынбасары Б.К. Шагалбаев
Құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы А.Б. Кенжебаев
«Әділдік жолы» республикалық қоғамдық
бірлестігі Ақтөбе облысындағы
Ақтөбе қаласы филиалының басшысы А.З. Байменов
«Келісемін»
«Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
Санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау комитеті Ақтөбе облысының
санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау департаменті» РММ басшысы
________________ Р.М. Койшанова
«___» ____________ 2023 жыл