Талдамалық анықтама
сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы
Ақтөбе облысы 28 шілде 2023 жыл
Қобда ауданы
Қобда ауылы
І. Кіріспе
«Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Ақтөбе облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Қобда аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесінде «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген, Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларының 3 және 4 тармақшаларына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жүргізілді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жүргізу сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг нәтижесіне негізделді.
Басқарманың сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдерінің басым бағыты мемлекеттік бақылау және қадағалау бойынша тексеру жүргізу және мемлекеттік қызмет көрсету.
ІІ. Ақпараттық-талдамалық бөлім
2.1. «Мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңы бойынша:
«Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығына сәйкес «Қобда аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесі келесідей мемлекеттік қызмет көрсетеді:
1) «Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыларды беру»
2) «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын тамақ өнімін өндіру объектілеріне есепке алу нөмірлерін беру».
2.2. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауға қатысты:
Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің талабына сәйкес жеке және заңды тұлғалардан өтініштерді қабылдау мен тіркеу жүзеге асырылуда.
2.3. Сыбайлас жемқорлыққа қатысты БАҚ сын пікірлер: Бұқаралық ақпарат құралдарында Қобда аумақтық басқармаларының қызметкерлері жемқорлыққа қатысты сын пікірлер болған жоқ.
2.4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2022 жылға арналған іс-шаралар туралы жоспарының тиімді орындалуы туралы:
Қобда аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2021-2023 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес табыс туралы декларацияны салық органына ұсынылды, «Сенім телефоны», жеке және заңды тұлғаларының арыздар мен хаттарына арналған пошта жәшігінің жұмыс істеуі қамтамасыз етілуде.
2.5. Сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық және тәртіптік жазалар туралы: Сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқықбұзушылық фактілері орын алған жоқ.
2.6. Басқарманың бақылау фунцияларына қатысты:
Мемлекеттік органның міндеті: тиісті аумақта өз құзыреті шегінде қоғамдық денсаулық сақтау, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы салаларында басшылықты және реттеуді, халыққа өткізілетін өнімдер мен көрсетілетін қызметтер бойынша техникалық регламенттер мен нормативтік құжаттарда белгіленген талаптардың сақталуын, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі және органикалық өнімдердің өндірісі саласында (бұдан әрі - реттелетін сала) бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын, салааралық үйлестіруді, іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2022 жылғы 2 желтоқсандағы №117 мен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2022 жылғы 2 желтоқсандағы №ҚР ДСМ-152 бірлескен бұйрықпен бектіліген, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына 2-қосымшасындағы тексерулер жүргізу кезінде қойылатын талаптардың бұзылу дәрежесінің 17 тармағының (Көтерме және бөлшек сауда объектілері) 20 тармақшасындағы талапта (Тікелей жұмыс орнында, өндірістік үй-жайларда және осы мақсаттар үшін бөлінбеген орындарда (үй-жайларда) тамақ ішуге тыйым салуды сақтау) бұзушылық дәрежелері мемлекеттік тілдегі нұсқасында өрескел деп көрсетілсе, ал ресми тілде бұзушылық дәрежесі елеусіз (незначительное) деп көрсетілген.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2022 жылғы 2 желтоқсандағы №117 мен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2022 жылғы 2 желтоқсандағы №ҚР ДСМ-152 бірлескен бұйрықпен бектіліген, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына 2-қосымшасындағы тексерулер жүргізу кезінде қойылатын талаптардың бұзылу дәрежесінің 17 тармағының (Көтерме және бөлшек сауда объектілері) 21 тармақшасындағы талапта (Өндірістік бақылауды ұйымдастыру мен жүргізуге қойылатын талаптарды сақтау және оны орындау: 1) Өндірістік бақылау бағдарламасының болуы (немесе ХАССП жүйесін енгізу); 2) қағаз және (немесе)электрондық ақпарат тасығыштарда (оның ішінде тамақ өнімдерін сақтау мен тасымалдаудың температуралық-ылғалдылық режимін бақылау бойынша) есепке алу құжаттамасын қоса алғанда, өндірістік бақылауды жүзеге асыруды растайтын құжаттардың болуы, жүргізілуі және сақталуы) бұзушылық дәрежелері мемлекеттік тілдегі нұсқасында елеусіз деп көрсетілсе, ал ресми тілде бұзушылық дәрежесі елеулі (значительное) деп көрсетілген.
ІІІ. Қорытынды
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жүргізу нәтижесі бойынша келесі ұсыныстар туындап отыр:
«Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесіне келесідей нормативтік құқықтық актілердің қайшылығы бойынша ұсыныс жолдау:
Департамент басшысының орынбасары Б.К. Шагалбаев
Құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы А.Б. Кенжебаев
«Әділдік жолы» республикалық қоғамдық
бірлестігі Ақтөбе облысындағы
Ақтөбе қаласы филиалының басшысы А.З. Байменов
«Келісемін»
«Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
Санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау комитеті Ақтөбе облысының
санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау департаменті
Ойыл аудандық санитариялық-
эпидемиологиялық бақылау
басқармасы» РММ басшысының м.а.
________________ Т.Т. Демесинов
«___» ____________ 2023 жыл