Талдамалық анықтама сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы (Мәртөк)

Талдамалық анықтама

сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы

Ақтөбе облысы                                                            27 шілде 2023 жыл

Мәртөк ауданы

Мәртөк ауылы

І. Кіріспе

«Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Ақтөбе облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Мәртөк аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесінде «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген, Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларының 3 және 4 тармақшаларына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жүргізілді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жүргізу сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг нәтижесіне негізделді.

Басқарманың сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдерінің басым бағыты мемлекеттік бақылау және қадағалау бойынша тексеру жүргізу және мемлекеттік қызмет көрсету.

ІІ. Ақпараттық-талдамалық бөлім

2.1. «Мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңы бойынша:

«Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығына сәйкес «Мәртөк аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесі келесідей мемлекеттік қызмет көрсетеді:

1) «Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыларды беру»

2) «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын тамақ өнімін өндіру объектілеріне есепке алу нөмірлерін беру».

2.2. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауға қатысты:

Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің талабына сәйкес жеке және заңды тұлғалардан өтініштерді қабылдау мен тіркеу жүзеге асырылуда.

2.3. Сыбайлас жемқорлыққа қатысты БАҚ сын пікірлер: Бұқаралық ақпарат құралдарында Мәртөк аумақтық басқармаларының қызметкерлері жемқорлыққа қатысты сын пікірлер болған жоқ.

2.4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2022 жылға арналған іс-шаралар туралы жоспарының тиімді орындалуы туралы:

Мәртөк аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасыныңсыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2021-2023 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес табыс туралы декларацияны салық органына ұсынылды, «Сенім телефоны», жеке және заңды тұлғаларының арыздар мен хаттарына арналған пошта жәшігінің жұмыс істеуі қамтамасыз етілуде.

2.5. Сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық және тәртіптік жазалар туралы:

Сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқықбұзушылық фактілері орын алған жоқ.

2.6. Басқарманың бақылау фунцияларына қатысты:

Мемлекеттік органның міндеті: тиісті аумақта құзыретінің шегінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы басшылықты және мемлекеттік саясатты іске асыруды, мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау мен қадағалауға жататын өнімді, оның ішінде тамақ өнімін бақылау мен қадағалауды, техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың және биологиялық қауіпсіздік саласындағы талаптардың сақталуын бақылауды және қадағалауды, сондай-ақ биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған іс-шараларды реттеуді және іске асыруды жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2021 жылғы 15 қазандағы №ҚР ДСМ-105 бұйрығымен бекітілген «Ықтимал қауіпті химиялық заттарды пайдаланатын зертханаларға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағиданың 45 тармағына сәйкес сұйықтықтарды ауыстырып құю кезінде (құрамында инфекциялық аурулардың қоздырғыштары бар сұйықтықтардан басқа) құйғыш қолданылады деп көрсеткен, ал Санитариялық қағиданың ресми тілдегі нұсқасында «құрамында инфекциялық аурулардың қоздырғыштары бар сұйықтықтардан басқа» деген сөздің аудармасы жоқ.

ІІІ. Қорытынды

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жүргізу нәтижесі бойынша келесі ұсыныстар туындап отыр:

«Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесіне келесідей нормативтік құқықтық актілердің қайшылығы бойынша ұсыныс жолдау:

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2021 жылғы 15 қазандағы №ҚР ДСМ-105 бұйрығымен бекітілген «Ықтимал қауіпті химиялық заттарды пайдаланатын зертханаларға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағиданың 45 тармағының мемлекеттік тілдегі нұсқасы мен ресми тілдегі нұсқасын сәйкестендіру туралы.

Департамент басшысының орынбасары                      Б.К. Шағалбаев

Құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы              А.Б. Кенжебаев

«Әділдік жолы» республикалық қоғамдық

бірлестігі Ақтөбе облысындағы

Ақтөбе қаласы филиалының басшысы                         А.З. Байменов

«Келісемін»

«Қазақстан Республикасының

Денсаулық сақтау министрлігі

Санитариялық-эпидемиологиялық

бақылау комитеті Ақтөбе облысының

санитариялық-эпидемиологиялық

бақылау департаменті

Мәртөк аудандық санитариялық-

эпидемиологиялық бақылау

басқармасы» РММ басшысы

________________ А.Б. Шарафутдинова

«___»  ____________ 2023 жыл

Дата публикации
31 июля 2023