Талдамалық анықтама
сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы
Ақтөбе облысы 20 шілде 2023 жыл
Шалқар ауданы
Шалқар қаласы
І. Кіріспе
«Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Ақтөбе облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Шалқар аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесінде «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген, Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларының 3 және 4 тармақшаларына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жүргізілді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жүргізу сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг нәтижесіне негізделді.
Басқарманың сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдерінің басым бағыты мемлекеттік бақылау және қадағалау бойынша тексеру жүргізу және мемлекеттік қызмет көрсету.
ІІ. Ақпараттық-талдамалық бөлім
2.1. «Мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңы бойынша:
«Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30желтоқсандағы№ ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығына сәйкес «Шалқар аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесі келесідей мемлекеттік қызмет көрсетеді:
1) «Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыларды беру»
2) «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын тамақ өнімін өндіру объектілеріне есепке алу нөмірлерін беру».
2.2. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауға қатысты:
Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің талабына сәйкес жеке және заңды тұлғалардан өтініштерді қабылдау мен тіркеу жүзеге асырылуда.
2.3. Сыбайлас жемқорлыққа қатысты БАҚ сын пікірлер: Бұқаралық ақпарат құралдарында Шалқар аумақтық басқармаларының қызметкерлері жемқорлыққа қатысты сын пікірлер болған жоқ.
2.4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2022 жылға арналған іс-шаралар туралы жоспарының тиімді орындалуы туралы:
Шалқар аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасыныңсыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2021-2023 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес табыс туралы декларацияны салық органына ұсынылды, «Сенім телефоны», жеке және заңды тұлғаларының арыздар мен хаттарына арналған пошта жәшігінің жұмыс істеуі қамтамасыз етілуде.
2.5. Сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық және тәртіптік жазалар туралы:
Сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқықбұзушылық фактілері орын алған жоқ.
2.6. Департаменттің бақылау фунцияларына қатысты:
Мемлекеттік органның міндеті: тиісті аумақта құзыретінің шегінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы басшылықты және мемлекеттік саясатты іске асыруды, мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау мен қадағалауға жататын өнімді, оның ішінде тамақ өнімін бақылау мен қадағалауды, техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың және биологиялық қауіпсіздік саласындағы талаптардың сақталуын бақылауды және қадағалауды, сондай-ақ биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған іс-шараларды реттеуді және іске асыруды жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2022 жылғы 2 желтоқсандағы №117 мен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2022 жылғы 2 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-152 бірлескен бұйрықпен бектіліген, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына 2-қосымша тексерулер жүргізу кезінде қойылатын талаптардың бұзылу дәрежесінің 2 тармақтың 7 тармақшасында, 4 тармақтың 2 тармақшасында, 5 тармақтың 6 тармақшасында, 6 тармақтың 4 тармақшасында, 7 тармақтың 6 тармақшасында, 8 тармақтың 7 тармақшасында, 9 тармақтың 5 тармақшасында, 10 тармақтың 13 тармақшаларындағы талаптың (Медициналық қалдықтарды уақытша сақтауға арналған үй-жайдың жарақтандырылуы (механикалық ынталандырылған сору желдеткіші, биологиялық қалдықтарды сақтауға арналған тоңазытқыш жабдығы (бар болса), стеллаждар, таразылар, медициналық қалдықтар салынған пакеттерді жинауға арналған контейнерлер, ыстық және суық су жеткізетін раковина, ауаны зарарсыздандыруға арналған қондырғылар, қол антисептиктері) бұзушылық дәрежелері мемлекеттік тілдегі нұсқасында елеулі деп көрсетілсе, ал ресми тілде бұзушылық дәрежесі өрескел (грубое) деп көрсетілген.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2022 жылғы 2 желтоқсандағы №117 мен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2022 жылғы 2 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-152 бірлескен бұйрықпен бектіліген, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына 2-қосымша тексерулер жүргізу кезінде қойылатын талаптардың бұзылу дәрежесінің 4 тармақтың 3 тармақшасында, 6 тармақтың 5 тармақшасындағы талаптың (Медициналық қалдықтарды залалсыздандыруға, кәдеге жаратуға арналған арнайы қондырғылардың немесе мамандандырылған ұйыммен жасалған шарттың болуы) бұзушылық дәрежелері мемлекеттік тілдегі нұсқасында елеулі деп көрсетілсе, ал ресми тілде бұзушылық дәрежесі өрескел (грубое) деп көрсетілген.
ІІІ. Қорытынды
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жүргізу нәтижесі бойынша келесі ұсыныстар туындап отыр:
«Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесіне келесідей нормативтік құқықтық актілердің қайшылығы бойынша ұсыныс жолдау:
Құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы А.Б. Кенжебаев
«Әділдік жолы» республикалық қоғамдық
бірлестігі Ақтөбе облысындағы
Ақтөбе қаласы филиалының басшысы А.З. Байменов
«Келісемін»
«Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
Санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау комитеті Ақтөбе облысының
санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау департаменті
Шалқар аудандық санитариялық-
эпидемиологиялық бақылау
басқармасы» РММ басшысы
________________ Г.Б. Құдайсүгірова
«___» ____________ 2023 жыл