Талдамалық анықтама
сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы
Ақтөбе облысы 1-2 маусым 2023 жыл
Ойыл ауданы
Ойыл ауылы
І. Кіріспе
«Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Ақтөбе облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Ойыл аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесінде «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген, Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларының 3 және 4 тармақшаларына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жүргізілді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жүргізу сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг нәтижесіне негізделді.
Басқарманың сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдерінің басым бағыты мемлекеттік бақылау және қадағалау бойынша тексеру жүргізу және мемлекеттік қызмет көрсету.
ІІ. Ақпараттық-талдамалық бөлім
2.1. «Мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңы бойынша:
«Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30желтоқсандағы №ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығына сәйкес «Ойыл аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесі келесідей мемлекеттік қызмет көрсетеді:
1) «Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыларды беру»
2) «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын тамақ өнімін өндіру объектілеріне есепке алу нөмірлерін беру».
2.2. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауға қатысты:
Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің талабына сәйкес жеке және заңды тұлғалардан өтініштерді қабылдау мен тіркеу жүзеге асырылуда.
2.3. Сыбайлас жемқорлыққа қатысты БАҚ сын пікірлер: Бұқаралық ақпарат құралдарында Ойыл аумақтық басқармаларының қызметкерлері жемқорлыққа қатысты сын пікірлер болған жоқ.
2.4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2022 жылға арналған іс-шаралар туралы жоспарының тиімді орындалуы туралы:
Ойыл аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасыныңсыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2021-2023 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес табыс туралы декларацияны салық органына ұсынылды, «Сенім телефоны», жеке және заңды тұлғаларының арыздар мен хаттарына арналған пошта жәшігінің жұмыс істеуі қамтамасыз етілуде.
2.5. Сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық және тәртіптік жазалар туралы:
Сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқықбұзушылық фактілері орын алған жоқ.
2.6. Басқарманың бақылау фунцияларына қатысты:
Мемлекеттік органның міндеті: тиісті аумақта өз құзыреті шегінде қоғамдық денсаулық сақтау, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы салаларында басшылықты және реттеуді, халыққа өткізілетін өнімдер мен көрсетілетін қызметтер бойынша техникалық регламенттер мен нормативтік құжаттарда белгіленген талаптардың сақталуын, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі және органикалық өнімдердің өндірісі саласында (бұдан әрі - реттелетін сала) бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын, салааралық үйлестіруді, іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 17 ақпандағы №ҚР ДСМ-16 бұйрығымен бекітілген «Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидасының (бұдан әрі - Санитариялық қағида) 1-қосымшасымен стационарлық қоғамдық тамақтану объектілері үй-жайларының ауданы көрсетілуі тиіс.
Алайда, Санитариялық қағиданың ресми тіліндегі нұсқасында стационарлық барлар үй-жайлары тобының ауданы, стационарлық қоғамдық тамақтану объектілерінің ұн өнімдері цехтары үй-жайларының ауданы және аспаздық дүкендер үй-жайларының ауданы нақты көрсетілсе, ал мемлекеттік тілдегі нұсқасында үй-жайдың ауданы көрсетілетін жерге үй жайдың атауы ғана жазылған, яғни Санитариялық қағиданың мемлекеттік тілдегі нұсқасы мен ресми тілдегі нұсқасы сәйкес келмейді.
Мысалы:
ресми тіліндегі нұсқадағы стационарлық барлар үй-жайлары тобының ауданы нақты келесідей түрде көрсетілсе:
|
№ |
Группы помещений |
Площадь |
|
|
до 8 мест |
на последующее место свыше 8 |
||
|
1 |
Зал с раздаточной |
21 |
1,4 |
|
2 |
Производственные |
10 |
0,4 |
мемлекеттік тіліндегі нұсқадағы стационарлық барлар үй-жайлары тобының ауданы келесідей көрсетілген:
|
№ |
Үй-жайлар тобы |
Ауданы |
|
|
8 орынға дейін |
Кейінгі орынға 8-ден артық |
||
|
1 |
Үлестіру бөлмесі бар зал |
21 |
Үлестіру бөлмесі бар зал |
|
2 |
Өндірістік үй-жай |
10 |
Өндірістік үй-жай |
ресми тіліндегі нұсқадағы стационарлық қоғамдық тамақтану объектілерінің ұн өнімдері цехтары үй-жайларының ауданы нақты келесідей түрде көрсетілсе:
|
№ |
Помещения |
Площади помещений цеха мучных изделий |
|
|
на 1000 изделий |
увеличение или уменьшение на 1000 изделий |
||
|
1 |
Помещение для выпечки изделий |
22 |
10 |
|
2 |
Кладовая и моечная многооборотой транспортной упаковки (тары) |
6 (до 3000 изделий) |
2 |
мемлекеттік тіліндегі нұсқадағы стационарлық қоғамдық тамақтану объектілерінің ұн өнімдері цехтары үй-жайларының ауданы келесідей көрсетілген:
|
№ |
Үй-жайлар |
Ұн өнімдері цехының үй-жайларының ауданы, м2 |
|
|
1000 өнімге |
1000 өнімге арттыру немесе азайту |
||
|
1 |
Өнімдер пісіруге арналған үй-жай |
22 |
Өнімдер пісіруге арналған үй-жай |
|
2 |
Қойма және көп айналымды көлік қаптамасының (ыдысының) жуу үй-жайы |
6 (3000 өнімге дейін) |
Қойма және көп айналымды көлік қаптамасының (ыдысының) жуу үй-жайы |
ресми тіліндегі нұсқадағы аспаздық дүкендер үй-жайларының ауданы нақты келесідей түрде көрсетілсе:
|
№ |
Помещения |
Площадь помещений магазина кулинарии с самообслуживанием на 10 м2 торговой площади зала |
|
|
До 40 м2 торговой площади зала |
Увеличение на каждые 10 м2 торговой площади зала, свыше 40 м2 |
||
|
1 |
Подсобные помещения |
2 |
0,8 |
|
2 |
Для приема и хранения пищевой продукции |
1,5 |
1,45 |
|
3 |
Зона выдачи обедов на дом |
1,2 |
0,8 |
мемлекеттік тіліндегі нұсқадағы аспаздық дүкендер үй-жайларының ауданы келесідей көрсетілген:
|
№ |
Үй-жайлар |
Залдың сауда ауданының 10 м2 келетін өзіне-өзі қызмет көрсететін аспаздық дүкен үй-жайларының ауданы |
|
|
Залдың сауда ауданының 40 м2 дейінгі |
Залдың сауда ауданының әрбір 10 м2 ұлғаюы, 40 м2 астам |
||
|
1 |
Қосалқы үй-жайлар |
2 |
Қосалқы үй-жайлар |
|
2 |
Өнімдерді қабылдау және сақтау үшін |
1,5 |
Өнімдерді қабылдау және сақтау үшін |
|
3 |
Түскі асты үйге беру аймағы |
1,2 |
Түскі асты үйге беру аймағы |
ІІІ. Қорытынды
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жүргізу нәтижесі бойынша келесі ұсыныстар туындап отыр:
«Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесіне келесідей нормативтік құқықтық актілердің қайшылығы бойынша ұсыныс жолдау:
Департамент басшысының орынбасары Б.К. Шағалбаев
Құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы А.Б. Кенжебаев
«Әділдік жолы» республикалық қоғамдық
бірлестігі Ақтөбе облысындағы
Ақтөбе қаласы филиалының басшысы А.З. Байменов
«Келісемін»
«Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
Санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау комитеті Ақтөбе облысының
санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау департаменті
Ойыл аудандық санитариялық-
эпидемиологиялық бақылау
басқармасы» РММ басшысы
________________ Г.А. Кубаев
«___» ____________ 2023 жыл