Талдамалық анықтама
сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы
Ақтөбе облысы 27 сәуір 2023 жыл
Қарғалы ауданы
Бадамша ауылы
І. Кіріспе
«Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Ақтөбе облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Қарғалы аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесінде «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген, Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларының 3 және 4 тармақшаларына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жүргізілді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жүргізу сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг нәтижесіне негізделді.
Басқарманың сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдерінің басым бағыты мемлекеттік бақылау және қадағалау бойынша тексеру жүргізу және мемлекеттік қызмет көрсету.
ІІ. Ақпараттық-талдамалық бөлім
2.1. «Мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңы бойынша:
«Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30желтоқсандағы№ ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығына сәйкес «Қарғалы аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесі келесідей мемлекеттік қызмет көрсетеді:
1) «Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыларды беру»
2) «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын тамақ өнімін өндіру объектілеріне есепке алу нөмірлерін беру».
2.2. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауға қатысты:
Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің талабына сәйкес жеке және заңды тұлғалардан өтініштерді қабылдау мен тіркеу жүзеге асырылуда.
2.3. Сыбайлас жемқорлыққа қатысты БАҚ сын пікірлер: Бұқаралық ақпарат құралдарында Қарғалы аумақтық басқармаларының қызметкерлері жемқорлыққа қатысты сын пікірлер болған жоқ.
2.4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2022 жылға арналған іс-шаралар туралы жоспарының тиімді орындалуы туралы:
Қарғалы аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасыныңсыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2021-2023 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес табыс туралы декларацияны салық органына ұсынылды, «Сенім телефоны», жеке және заңды тұлғаларының арыздар мен хаттарына арналған пошта жәшігінің жұмыс істеуі қамтамасыз етілуде.
2.5. Сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық және тәртіптік жазалар туралы:
Сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқықбұзушылық фактілері орын алған жоқ.
2.6. Басқарманың бақылау фунцияларына қатысты:
Мемлекеттік органның міндеті: тиісті аумақта құзыретінің шегінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы басшылықты және мемлекеттік саясатты іске асыруды, мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау мен қадағалауға жататын өнімді, оның ішінде тамақ өнімін бақылау мен қадағалауды, техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың және биологиялық қауіпсіздік саласындағы талаптардың сақталуын бақылауды және қадағалауды, сондай-ақ биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған іс-шараларды реттеуді және іске асырады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2022 жылғы 2 желтоқсандағы №117 мен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2022 жылғы 2 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-152 бірлескен бұйрықпен бектіліген, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына 2-қосымша тексерулер жүргізу кезінде қойылатын талаптардың бұзылу дәрежесінің 2 тармағының 7 тармақшасында, 4 тармақтың 2 тармақшасында, 5 тармақтың 6 тармақшасында, 6 тармақтың 4 тармақшасында, 7 тармақтың 6 тармақшасында, 8 тармақтың 7 тармақшасында, 9 тармақтың 5 тармақшасында, 10 тармақтың 13 тармақшаларындағы талаптың (Медициналық қалдықтарды уақытша сақтау үй-жайларының жарақтандырылуы (механикалық ынталандырылған сору желдеткіші, биологиялық қалдықтарды сақтауға арналған тоңазытқыш жабдық (олар болған кезде), стеллаждар, таразылар, медициналық қалдықтары бар пакеттерді жинауға арналған контейнерлер, ыстық және суық су жеткізетін раковина, ауаны зарарсыздандыруға арналған қондырғылар, қолға арналған антисептиктер)) бұзушылық дәрежелері мемлекеттік тілдегі нұсқасында елеулі деп көрсетілсе, ал ресми тілде бұзушылық дәрежесі өрескел (грубое) деп көрсетілген.
ІІІ. Қорытынды
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жүргізу нәтижесі бойынша келесі ұсыныстар туындап отыр:
«Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесіне келесідей нормативтік құқықтық актілердің қайшылығы бойынша ұсыныс жолдау:
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2022 жылғы 2 желтоқсандағы №117 мен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2022 жылғы 2 желтоқсандағы №ҚР ДСМ-152 бірлескен бұйрықпен бекітілген, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына 2-қосымшасындағы тексерулер жүргізу кезінде қойылатын талаптардың бұзылу дәрежесінің 2 тармақтың 7 тармақшасы, 4 тармақтың 2 тармақшасы, 5 тармақтың 6 тармақшасыа, 6 тармақтың 4 тармақшасы, 7 тармақтың 6 тармақшасы, 8 тармақтың 7 тармақшасы, 9 тармақтың 5 тармақшасы, 10 тармақтың 13 тармақшаcындағы талаптың бұзушылық дәрежелерінің мемлекеттік тілмен ресми тілдегі нұсқасын сәйкестендіруді.
Департамент басшысының орынбасары Б.К. Шағалбаев
Құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы А.Б. Кенжебаев
Персоналды басқару қызметінің басшысы Ж.Т. Утегенова
«Әділдік жолы» республикалық қоғамдық
бірлестігі Ақтөбе облысындағы
Ақтөбе қаласы филиалының басшысы А.З. Байменов
«Келісемін»
«Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
Санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау комитеті Ақтөбе облысының
санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау департаменті
Қарғалы аудандық санитариялық-
эпидемиологиялық бақылау
басқармасы» РММ басшысы
________________ А.К. Бержанова
«___» ____________ 2023 жыл