«Қазақстан Республикасының аумағында шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан 2015 жылғы 20 наурыздағы №239 бұйрығын басшылыққа ала отырып, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Ақтөбе облысының бас мемлекеттік дәрігерінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Ақтөбе облысының
Бас Мемлекеттік
санитариялық дәрігері Н.А. Беркімбаева
Ақтөбе облысының Бас
Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің
2020 жылғы 3 маусымдағы
№ ПГСВ-41 қаулысына
№ қосымша
Ақтөбе облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің күші жойылған кейбір қаулылардың тізбесі
- «Ақтөбе қаласының аумағына халықтың шаруашылық және өзге де қызметінің ерекше жағдайлары бар уақытша шектеу және карантиндік шараларын енгізу туралы» Ақтөбе облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 маусымдағы №ПГСВ-39 қаулысы;
- ««Ақтөбе қаласының аумағына халықтың шаруашылық және өзге де қызметінің ерекше жағдайлары бар уақытша шектеу және карантиндік шараларын енгізу туралы» Ақтөбе облысы Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 маусымдағы №ПГСВ-39 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Ақтөбе облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 26 маусымдағы №ПГСВ-40 қаулысы.