Ақтөбе қаласының санитариялық-эпидемиологиялық қызметі 2023 жылдың 4 айында 482 мемлекеттік қызмет көрсетті, оның ішінде рұқсат берілгені 334, дәлелді бас тарту 148.
Мемлекеттік қызметтердің 100% «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер қорының ақпараттық жүйесі арқылы электронды түрде көрсетілді.
Азаматтарға қолайлы болу үшін интернет-ресурста «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімі құрылған, онда нормативтік-құқықтық актілер, көрсетілген қызметтер бойынша анықтамалық ақпарат, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің түрлері және қандай да бір мемлекеттік қызметті қалай алуға болатыны туралы ақпарат орналастырылған.