Талдамалық анықтама
сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы
Ақтөбе облысы 1-2 сәуір 2023 жыл
Байғанин ауданы
Қарауылкелді ауылы
І. Кіріспе
«Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Ақтөбе облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Байғанин аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесінде «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген, Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларының 3 және 4 тармақшаларына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жүргізілді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жүргізу сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг нәтижесіне негізделді.
Басқарманың сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдерінің басым бағыты мемлекеттік бақылау және қадағалау бойынша тексеру жүргізу және мемлекеттік қызмет көрсету.
ІІ. Ақпараттық-талдамалық бөлім
2.1. «Мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңы бойынша:
«Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығына сәйкес «Байғанин аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесі келесідей мемлекеттік қызмет көрсетеді:
1) «Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыларды беру»
2) «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын тамақ өнімін өндіру объектілеріне есепке алу нөмірлерін беру».
2.2. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауға қатысты:
Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің талабына сәйкес жеке және заңды тұлғалардан өтініштерді қабылдау мен тіркеу жүзеге асырылуда.
2.3. Сыбайлас жемқорлыққа қатысты БАҚ сын пікірлер: Бұқаралық ақпарат құралдарында Байғанин аумақтық басқармаларының қызметкерлері жемқорлыққа қатысты сын пікірлер болған жоқ.
2.4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2022 жылға арналған іс-шаралар туралы жоспарының тиімді орындалуы туралы:
Байғанин аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2021-2023 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес табыс туралы декларацияны салық органына ұсынылды, «Сенім телефоны», жеке және заңды тұлғаларының арыздар мен хаттарына арналған пошта жәшігінің жұмыс істеуі қамтамасыз етілуде.
2.5. Сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық және тәртіптік жазалар туралы: Сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқықбұзушылық фактілері орын алған жоқ.
2.6. Басқарманың бақылау фунцияларына қатысты: Мемлекеттік органның міндеті: тиісті аумақта құзыретінің шегінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы басшылықты және мемлекеттік саясатты іске асыруды, мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау мен қадағалауға жататын өнімді, оның ішінде тамақ өнімін бақылау мен қадағалауды, техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың және биологиялық қауіпсіздік саласындағы талаптардың сақталуын бақылауды және қадағалауды, сондай-ақ биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған іс-шараларды реттеуді және іске асырады.
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 19 бабы 5 тармағына сәйкес осы баптың 1-тармағының 4) және 5) тармақшаларын қоспағанда, рұқсат беру құжаттарын мынадай:
1) құжатта қателер (қате жазу) анықталған;
2) өтініш беруші - дара кәсіпкер қайта тіркелген, оның атауы немесе заңды мекенжайы өзгерген;
3) өтініш беруші - заңды тұлғаның, өнімді дайындаушының атауы және (немесе) тұрған жері өзгерген;
4) объектінің іс жүзінде орны ауыстырылмай тұрған жерінің мекенжайы өзгерген жағдайларда, қосымша немесе қайта зерттеулер (сынақтар) жүргізілместен қайта ресімдеуге жол беріледі.
Ал, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығының 4 қосымшасымен бекітілген, Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсаттарды және оларға қосымшаларды беру, олардың қолданылуын қайта бастау, қайта ресімдеу, тоқтату қағидаларының 29 тармағына сәйкес рұқсатты қайта ресімдеу объектіге тексеру жүргізбей, мынадай жағдайларда:
1) құжатта қателер (қатемен жазулар) анықталған жағдайда;
2) көрсетілетін қызметті алушы қайта ұйымдастырылған жағдайда;
3) объект нақты орын ауыстырмай оның орналасқан жерінің мекенжайы өзгергенде;
4) көрсетілетін қызметті алушының заңды тұлғасының атауы өзгергенде;
5) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта ресімдеу туралы талап болған кезде жүзеге асырылады.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығының 4 қосымшасымен бекітілген, Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыларды беру бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларында рұқсатты қайта ресімдеу тәртібі айқындалмаған.
ІІІ. Қорытынды
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жүргізу нәтижесі бойынша келесі ұсыныстар туындап отыр:
«Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесіне келесідей нормативтік құқықтық актілердің қайшылығы бойынша ұсыныс жолдау:
Департамент басшысының орынбасары Б.К. Шағалбаев
Құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы А.Б. Кенжебаев
Персоналды басқару қызметінің басшысы Ж.Т. Утегенова
«Ақтөбе-адалдық алаңы»
жобалық кеңсесінің басшысы Қ.С. Серікжанов
«Әділдік жолы» республикалық қоғамдық
бірлестігі Ақтөбе облысындағы
Ақтөбе қаласы филиалының басшысы А.З. Байменов
«Келісемін»
«Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
Санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау комитеті Ақтөбе облысының
санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау департаменті
Байғанин аудандық санитариялық-
эпидемиологиялық бақылау
басқармасы» РММ басшысы
________________ Ж.У.Нұрла
«___» ____________ 2023 жыл