Талдамалық анықтама
сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы
Ақтөбе облысы 30-31 наурыз 2023 жыл
Темір ауданы
Шұбарқұдық кенті
І. Кіріспе
«Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Ақтөбе облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Темір аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесінде «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген, Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларының 3 және 4 тармақшаларына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жүргізілді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жүргізу сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг нәтижесіне негізделді.
Басқарманың сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдерінің басым бағыты мемлекеттік бақылау және қадағалау бойынша тексеру жүргізу және мемлекеттік қызмет көрсету.
ІІ. Ақпараттық-талдамалық бөлім
2.1. «Мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңы бойынша:
«Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығына сәйкес «Темір аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесі келесідей мемлекеттік қызмет көрсетеді:
1) «Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыларды беру»
2) «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын тамақ өнімін өндіру объектілеріне есепке алу нөмірлерін беру».
2.2. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауға қатысты:
Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің талабына сәйкес жеке және заңды тұлғалардан өтініштерді қабылдау мен тіркеу жүзеге асырылуда.
2.3. Сыбайлас жемқорлыққа қатысты БАҚ сын пікірлер: Бұқаралық ақпарат құралдарында Темір аумақтық басқармаларының қызметкерлері жемқорлыққа қатысты сын пікірлер болған жоқ.
2.4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2022 жылға арналған іс-шаралар туралы жоспарының тиімді орындалуы туралы:
Темір аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасыныңсыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2021-2023 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес табыс туралы декларацияны салық органына ұсынылды, «Сенім телефоны», жеке және заңды тұлғаларының арыздар мен хаттарына арналған пошта жәшігінің жұмыс істеуі қамтамасыз етілуде.
2.5. Сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық және тәртіптік жазалар туралы:
Сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқықбұзушылық фактілері орын алған жоқ.
2.6. Департаменттің бақылау фунцияларына қатысты:
Мемлекеттік органның міндеті: тиісті аумақта өз құзыреті шегінде қоғамдық денсаулық сақтау, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы салаларында басшылықты және реттеуді, халыққа өткізілетін өнімдер мен көрсетілетін қызметтер бойынша техникалық регламенттер мен нормативтік құжаттарда белгіленген талаптардың сақталуын, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі және органикалық өнімдердің өндірісі саласында (бұдан әрі - реттелетін сала) бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын, салааралық үйлестіруді, іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы 2022 жылғы 11 қаңтардағы № ҚР ДСМ-2 бұйрығымен бекітілген «Адамның өмір сүру ортасы мен денсаулығына әсер ету объектілері болып табылатын объектілердің санитариялық-қорғаныш аймақтарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларының 29 тармағына сәйкес қауіптіліктің I және II сыныптарындағы жұмыс істеп тұрған объектілерге арналған СҚА өлшемін тиісті аумақтар мен көліктегі (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың) Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлері немесе оның орынбасарлары, сондай-ақ халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын лауазымды адамдары белгілейді.
Қауіптіліктің III, IV және V сыныптарындағы жұмыс істеп тұрған объектілерге арналған СҚА өлшемін тиісті аумақтар мен көліктегі (аудан мен қаладағы) Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлер немесе оның орынбасарлары, сондай-ақ халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын лауазымды адамдары белгілейді.
«Қоршаған ортаға зиянды заттар мен физикалық факторлардың жол берілетін шекті шығарындылары мен жол берілетін шекті төгінділері, санитариялық қорғау аймақтары (СҚА) мен санитариялық-қорғаныш аймақтары бойынша нормативтік құжаттама жобаларының, шикізат пен өнімнің жаңа түрлерінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2020 жылғы 30 желтоқсандағы№ ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығымен бектілген) I, II, III, IV және V сыныптарындағы СҚА өлшемін Департамент және басқармалармен қаралуы бойынша шектеу белгіленбеген.
ІІІ. Қорытынды
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жүргізу нәтижесі бойынша келесі ұсыныстар туындап отыр:
«Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесіне келесідей нормативтік құқықтық актілердің қайшылығы бойынша ұсыныс жолдау:
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы 2022 жылғы 11 қаңтардағы № ҚР ДСМ-2 бұйрығымен бекітілген «Адамның өмір сүру ортасы мен денсаулығына әсер ету объектілері болып табылатын объектілердің санитариялық-қорғаныш аймақтарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларының 29 тармағына сәйкес «Қоршаған ортаға зиянды заттар мен физикалық факторлардың жол берілетін шекті шығарындылары мен жол берілетін шекті төгінділері, санитариялық қорғау аймақтары (СҚА) мен санитариялық-қорғаныш аймақтары бойынша нормативтік құжаттама жобаларының, шикізат пен өнімнің жаңа түрлерінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2020 жылғы 30 желтоқсандағы№ ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығымен бектілген) I, II, III, IV және V сыныптарындағы СҚА өлшемін Департамент және басқармалармен қаралуы бойынша шектеу енгізуді.
Департамент басшысының орынбасары Б.К. Шағалбаев
Құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы А.Б. Кенжебаев
Персоналды басқару қызметінің басшысы Ж.Т. Утегенова
«Ақтөбе-адалдық алаңы»
жобалық кеңсесінің басшысы Қ.С. Серікжанов
«Әділдік жолы» республикалық қоғамдық
бірлестігі Ақтөбе облысындағы
Ақтөбе қаласы филиалының басшысы А.З. Байменов
«Келісемін»
«Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
Санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау комитеті Ақтөбе облысының
санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау департаменті
Темір аудандық санитариялық-
эпидемиологиялық бақылау
басқармасы» РММ басшысының м.а.
________________ Д.Ш. Оспан
«___» ____________ 2023 жыл