Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі бойынша құқықтық оқыту

Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі бойынша құқықтық оқыту

2023 жылдың 17 қаңтардағы Ақтөбе облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің (әрі қарай - Департамент) №13 Н/Қ бұйрығына сәйкес, 2023 жылдың 26 сәуірінде департаменттің құрылымдық бөлімшелері және аумақтық басқарма мамандарына арналған Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі туралы құқықтық оқыту өткізілді (Zoom платформасында).

Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі әкімшілік орган мен оған қатысты осы Әкімшілік органның заңда белгіленген жария функциялары іске асырылатын адам арасында туындайтын жария-құқықтық қатынастарды реттеуге бағытталған.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне  сәйкес әкімшілік рәсім-әкімшілік органның, лауазымды адамның әкімшілік істі қарау, ол бойынша шешім қабылдау және орындау жөніндегі өтініш негізінде немесе өз бастамасы бойынша жасалатын қызметі, сондай-ақ оңайлатылған әкімшілік рәсім тәртібімен жүзеге асырылатын қызмет туралы баяндады.

Әкімшілік рәсімнің нәтижесі әкімшілік актіні қабылдаумен байланысты емес әкімшілік органның әкімшілік актісі немесе әрекеті (әрекетсіздігі) болып табылады.

Дата публикации
04 мая 2023