"Ақтөбе қаласының аумағына халықтың шаруашылық және өзге де қызметінің ерекше жағдайлары бар уақытша шектеу және карантиндік шараларын енгізу туралы» Ақтөбе облысы Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 маусымдағы №ПГСВ-39 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қаулысы

  1. «Ақтөбе қаласының аумағына халықтың шаруашылық және өзге де қызметінің ерекше жағдайлары бар уақытша шектеу және карантиндік шараларын енгізу туралы» Ақтөбе облысы Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 маусымдағы №ПГСВ-39 қаулысына келесідей өзгерістер енгізілсін:

1) 1 тармақтың 2) тармақшасындағы "- 65 жастан асқан тұлғаларға уақытша шектеулер кезеңінде осы қаулының 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, аса қажетсіз көшеге шығуға шектеу қойылсын;" деген сөз "- 65 жастан асқан азаматтарға өзін-өзі изоляциялау режимі сақталсын;" деген сөзбен ауыстырылсын;

2) 4 тармақтағы "елорда" деген сөз "Ақтөбе қаласы" деген сөзбен ауыстырылсын.

  1. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Ақтөбе облысының Бас Мемлекеттік

санитариялық дәрігері                                                        Н.А. Беркімбаева

Дата публикации
26 июня 2020