Мен, Ақтөбе облысының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігері Беркімбаева Нұрсұлу Алтынбекқызы, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 150 және 152 бабы, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы №239 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының аумағында шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидасының 2 тармағына сәйкес, Ақтөбе қаласында коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың өсуіне байланысты және оның одан әрі таралуына жол бермеу мақсатында, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Ақтөбе қаласында 2020 жылғы 26 маусымдағы сағат 22.00-ден бастап 2020 жылғы 29 маусымдағы сағат 00.00-ге дейін және одан кейін эпидемиологиялық жағдай тұрақтанғанға дейін әрбір демалыс күндері (сенбі, жексенбі) шектеу және карантин шараларын уақытша күшейту енгізілсін.
1) карантин режимін, шектеу және эпидемияға қарсы іс-шараларды сақтауды қамтамасыз ету;
2) қала бойынша жаяу және жеке көлікпен жүруге тыйым салынсын, келесі жағдайларды қоспағанда:
- тұрғылықты жерінен жұмыс орнына дейін және кері қарай жүруіне қосымшаға сәйкес ұйымдар үшін жұмыс орнынан анықтама (немесе қызметтік куәлік) болған жағдайда;
- азық-түлік тауарларын, дәрі-дәрмек препараттарын және медициналық бұйымдарды тұратын үйінің немесе жұмыс орнына жақын дүкендерден, дәріханалардан сатып алу;
- шұғыл жағдайлар бойынша медициналық ұйымдарға бару;
- үй жануарларын тұрғылықты жеріне жақын жерде серуендету;
- Ақтөбе қаласының тұрғындарына ағымдағы жылдың 25 және 26 маусымында қосымша шектеу шараларының қолданылу кезеңінде бірінші қажетті тауарлар мен дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету ұсынылады;
- 65 жастан асқан тұлғаларға уақытша шектеулер кезеңінде осы қаулының 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, аса қажетсіз көшеге шығуға шектеу қойылсын;
- сауда орталықтарында, базарларда, қоғамдық көліктерде, азық-түлік және тұрмыстық дүкендерінде, қызмет көрсету орындарында және көпшілік жиналатын орындарда дезинфекциялық шаралар өткізілсін.
1) Келесі кәсіпкерлік субъектілері мен объектілерініңжұмысына тыйым салу, оның ішінде:
- сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда орталықтары, сауда үйлері, сауда желілері (супермаркеттер, гипермаркеттер), азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар базарлары, азық-түлік емес тауарлар дүкендері, жәрмеңкелер;
- мейрамханалар, кафелер, фаст-фуд, фудкорттар, асханалар және басқа қоғамдық тамақтану орындары, тапсырыстарды жеткізуге қызмет көрсетуді қоспағанда;
- фитнес-орталықтар, фитнес-клубтар, жаттығу залдары, спорт кешендері, бассейндер;
- SPA-орталықтар, SPA-салондар, сұлулық салондары, шаштараз, тырнақ студиялары, барбер-шоптар, солярийлер, массаж орталықтары және қызмет көрсету саласының басқа да ұқсас объектілері;
- халыққа қызмет көрсету саласындағы барлық объектілер;
- қоғамдық моншалар, сауналар;
- қоғамдық көліктің қозғалысы;
- атыс орындары, тирлер;
- құрылыс алаңынан тыс шықпастан жұмыс режимін қамтамасыз ету мүмкіндігімен жұмысшыларға арналған құрылыс алаңдарында жатақханалары бар құрылыс компаниялары;
- қоғамдық орындардың: саябақтардың, скверлердің, жағалаулардың, көше ойын алаңдарының және азаматтардың өзге де демалыс орындарының жұмыс істеуі;
- қолма-қол шетел валютасымен операцияларды жүзеге асыруға құқығы бар ұйымдар.
2) Осы қаулының қосымшасына сәйкес қызметін жүзеге асыратын меншік нысанына қарамастан ұйымдардың басшылары мен кәсіпкерлік субъектілеріне:
- қызметкерлерді қашықтан жұмыс режиміне мүмкіндігі бойынша ауыстыру;
- жұмыс орнына дейін және тұрғылықты жеріне кері орталықтандырылған жеткізуді қамтамасыз ету;
- қызметкерлерді (жұмыскерлерді) жұмыс орнынан анықтамалармен және жеке қорғану құралдарымен (маскалар, қолғаптар) қамтамасыз ету):
3) көп пәтерлі тұрғын үйлерде орналасқан тамақ өнімдері мен бірінші қажетті тауарларды сатуды жүзеге асыратын дүкендерге (шағын маркеттерге) жұмыс кестесі сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін белгіленсін.
4) алдын ала бекітілген кестелер бойынша және бекітілген алгоритмдерге сәйкес жекелеген оқу орындарына ұлттық бірыңғай тестілеу мен түсу емтихандарын өткізуге рұқсат етілсін.
1) көрсетілген қаулының қолданылу кезеңінде белгіленген жоғарыда көрсетілген талаптарды бұзу не орындамау фактілері анықталған кезде тиісті әкімшілік шаралар қолданылсын;
2) азаматтардың қоғамдық орындарда, саябақтарда, скверлерде және басқа да демалыс орындарында (соның ішінде жағажайларда) болуына жол бермеуді қамтамасыз ету;
3) енгізілген шектеулерді сақтау бойынша Ақтөбе қаласының аумағында патрульдеуді ұйымдастыру.
Ақтөбе облысының
Бас Мемлекеттік
санитариялық дәрігері Н.А. Беркімбаева
Ақтөбе облысы Бас Мемлекеттік
санитариялық дәрігерінің
25.06.2020 жылғы №ПГСВ-39
қаулысына қосымша
Қызмет көрсету түрі рұқсат етілген, тоқтатуға жатпайтын
мекемелер мен ұйымдар
тізімі
1.Денсаулық сақтау саласы, оның ішінде:
1) Мемлекеттік және мемлекеттік емес медицина мекемелері, оның ішінде стоматологиялық;
2) Зертханалық қызметтер;
3) Дәріханалар.
1) Электроэнергетикалық компаниялар;
2) Сумен қамтамасыз ету/жылумен қамтамасыз ету
3) Өртке қарсы және апаттық құтқару қызметтері;
4) Тұрғын үйлерді басқару саласындағы қызметтер (электрик, сантехник, аулалар мен үй-жайларды жинау, авариялық құтқару қызметі, оның ішінде лифттерге қызмет көрсету);
5) Көшелер мен үй-жайларды жинау;
6) Қоқыстар мен қалдықтарды жинау, өңдеу және жою;
7) Дезинфекция;
8) Көлік қозғалысын реттеуші техникалық құралдардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін мекемелер;
9) Телекоммуникация және байланыс;
10) Арнайы көлік құралдары мен такси қызметі;
11) Пошта және курьер қызметтері;
1) Азық-түлікті, дәрі-дәрмектерді, медициналық бұйымдарды және алғашқы қажеттіліктегі тауарларды жеткізу қызметтері, көп пәтерлі үйлерде және жер үйлер көп орналасқан бөліктерде орналасқан дүкендер;
2) Сауда-логистикалық орталықтары, қоймалар, азық-түлік, дәрі-дәрмек, медициналық бұйымдарды сату қызметтері.
Қызмет түрі рұқсат етілген тізімге енбеген барлық саладағы мекемелер мен ұйымдар, қолданыстағы Қаулының іске асу уақытында қалыпты жұмыс істеу тәртібін тоқтатып, қызметін қашықтықтан жүргізе алады, оның ішінде онлайн режимі арқылы.