Мен, Ақтөбе облысының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігері Беркімбаева Нұрсұлу Алтынбекқызы, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 150 бабы, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы №239 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының аумағында шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидасының 2 тармағына, «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 22 мамырдағы №37 қаулысына сәйкес, Ақтөбе облысының білім беру саласының қызметкерлері арасында коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың тіркелуіне байланысты және оның одан әрі таралуына жол бермеу мақсатында, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1) меншік нысанына қарамастан мектепке дейінгі балалар мекемелері;
2) меншік нысанына қарамастан, білім беру орталықтары, үйірмелер, қосымша білім беру орталықтары (репетитор, тілдік), олардың онлайн режимінде жұмыс істеуін қоспағанда.
Ақтөбе облысының
Бас Мемлекеттік
санитариялық дәрігері Н.А. Беркімбаева