Ағымдағы жылдың 30 наурызында Ақтөбе облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілі Б.К.Шагалбаев Темір ауданындағы іс-сапарында Темір аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы мамандарына мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Булатбек Кендебаевич қоғамдық проблемаға айналған сыбайлас жемқорлықты жоюда әрбір мемлекеттік қызметші өзінен бастау керектігін айтып, кез келген жағдайда әдепті және қарапайым болуға шақырды. Сонымен қатар, қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлық пен құқықбұзушылықтың алдын алуды түсіндірді.
Кездесу соңында қызметкерлер тарапынан қойылған барлық сұрақтарға жауап берілді.