"Ақтөбе облысындағы денсаулық сақтау ұйымдарында шектеу шараларын одан әрі күшейту туралы" Қаулысы

Мен, Ақтөбе облысының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігері Беркімбаева Нұрсұлу Алтынбекқызы, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 150 бабы, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы №239 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының аумағында шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидасының 2 тармағына, «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 22 мамырдағы №37 қаулысына сәйкес, Ақтөбе облысының тұрғындары арасында коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың 5,4% өсуіне байланысты және оның одан әрі таралуына жол бермеу мақсатында, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы басшысы (Қалиев А.А.) және меншік түріне қарамастан денсаулық сақтау ұйымдарының басшыларына:
  2. Меншік түріне қарамастан, барлық медициналық ұйымдарда (ауруханалар, емханалар, стоматологиялық, гинекологиялық және басқа медициналық ұйымдар) эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін 2020 жылдың 19 маусымынан бастап COVID-19-дың алдын алу бойынша эпидемияға қарсы режимді сақтай отырып жүзеге асырылатын шұғыл жағдайларды қоспағанда, науқастарды жоспарлы стационарлық және амбулаториялық емдеуге қабылдауды уақытша тоқтату;
  3. Эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін меншік түріне қарамастан облыстың барлық денсаулық сақтау ұйымдарында (ауруханалар, емханалар, стоматологиялық, гинекологиялық және басқа медициналық ұйымдар) карантинді сақтауды жалғастыру;
  4. Карантин уақытында денсаулық сақтау нысандары COVID-19-дың алдын алу бойынша эпидемияға қарсы режимді сақтай отырып шұғыл медицианалық көмекті көрсетуді, қашықтық форматында дәрігерлік консультация беру және қабылдау қызметін көрсету, қоңырау шалу, сонымен қатар науқас, жүкті әйелдер, байланыста болған адамдардың үйіне бару арқылы медициналық бақылауды жүргізе алады.
  5. Күшейтілген санитариялық – дезинфекциялық режимді сақтай отырып облыстағы алғашқы медициналық-санитарлық көмек пункттерінің (МСАК), стоматологиялық, гинекологиялық және басқа медициналық ұйымдардың жұмыс режимін 8: 00-ден 17: 00-ге дейін шектеу;
  6. Облыстағы алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету мекемерде кәсіби медициналық тексерулердің, кезекті скринингтік және флюорографиялық тексерулерді тоқтата тұру;
  7. Емхана және стационар ғимартарының кіре берісі тиісті көрсеткіштермен жабдықтала отырып ЖРВИ, ТОРИ, тұмау және COVID-19 белгілеріне күдікті барлы тұлғалар «фильтр» арқылы зертханаға зерттеу алу арқылы қабылдансын;
  8. ЖРВИ, ТОРИ және тұмау белгілері және COVID-19 симптомдары бар адамдарды 103 бригадасы келгенге дейін оқшаулау үшін арнайы бөлінген бөлмені ұйымдастыру;
  9. Үйдегі карантиндегі адамдар үшін уақытша еңбекке жарамсыздық парақтарын (еңбекке жарамсыздық парағы) медициналық ұйымдарға бармай рәсімдеуді ұйымдастыру;
  10. Пациенттерді тегін амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету шеңберінде рецептерді онлайн-беруді немесе үйге жеткізуді ұйымдастыру;
  11. Медициналық ұйымдардың базасында қосымша зертханалар ашу арқылы халық арасында ПТР тестілеумен қамтуды кеңейту;
  12. Ауруханаларда инфекциялық және провизорлық койкелер санын көбейту;
  13. Меншік нысанына қарамастан, өңірде бар ресурстарды тарта отырып, науқастарды КТ-зерттеумен қамтамасыз ету;
  14. Жедел медициналық жәрдем станцияларының шұғыл және кезек күттірмейтін шақыруларға уақытылы қызмет көрсетуін қамтамасыз ету;
  15. Үйлерінде жатқан пациенттерге амбулаторлық-емханалық көмек деңгейінде сапалы динамикалық бақылау жасау (қашықтықтан, мобильді бригадалар) көмегімен жүргізу;
  16. Халыққа белсенді ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
  17. Меншік түріне қарамастан облыстағы ауруханалардағы медициналық қызметкерлердің аурухана бөлімдерінде жүруін шектеу;
  18. Науқастардң бөлімдер  арасында  жүруіне жол бермеу;
  19. Науқастарға туыстарының келуіне тыйым салу;
  20. Осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес қызметкерлерді ЖҚҚ-мен жеткілікті мөлшерде қамтамасыз ету;
  21. Осы Қағиданың 32-қосымшасының II тарауына сәйкес медициналық персоналдың инфекциялық қауіпсіздігін сақтауын қамтамасыз ету;
  22.   Жұқпалы аурулар ошақтарында эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу үшін (ЖБ, ПБ), байланысата болған адамдарды анықтар, зертханалық тексерулер, телефонмен, бейнеқоңырау арқылы медициналық бақылауды қамтамасыз ету үшін медициналық ұйымдары басшыларының бұйрығымен госпитальды эпидемиологтарды бекіту:

        21.1. Жұқпалы аурудың және COVID-19 жағдайлары бойынша бөлімге және аумақтық департаментке жедел хабарламалардың уақтылы берілуін қамтамасыз ету;

        21.2. Демалыс күндері пациенттер мен байланысқан адамдар туралы мәліметтерді жинау үшін БМСК-ге жауапты адамдарды белгілеу;

  1. Инфекциялық бақылау жөніндегі комиссияның тұрғындар арасында COVID-19 таралуын болдырмау, ауру кезіндегі жеке профилактикалық іс-шаралар мен мінез-құлық тактикасы, медицина қызметкерлері мен пациенттердің нозокомиалды инфекциясын болдырмау жөніндегі жұмысын күшейту;
  2. Меншік түріне қарамастан барлық медициналық ұйымдар үшін Қаулы міндетті болып табылады.
  3. Ақтөбе облысының бас мемлекеттік санитарлық инспекторының 05.27.2020 жылғы № ПГСВ-29 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
  4. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  5. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Ақтөбе облысының

Бас Мемлекеттік

санитариялық дәрігері                                     Н. А.Беркімбаева

 

 

Дата публикации
19 июня 2020