Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасын зерделеу бойынша семинар өткізілді
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің 2023 жылғы 5 қаңтардағы №24-24-1-4/7-И хатындағы тапсырмаға сәйкес Департаменттің құрылымдық бөлімшелері және аумақтық басқарма мамандарына арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасын зерделеу бойынша семинар өткізілді.
Семинардың мақсаты - Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 365 бабына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы мамандардың мәліметіне жеткізіп, бірлесіп зерделеу жүргізу.
Сонымен қатар, семинар барысында департаменттің әдеп жөніндегі уәкілі мамандарға Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларымен айқындалған мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне қойылатын жалпы талаптары мен олардың мінез-құлқын белгілейтін негізгі стандарттары және олардың мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға бағытталғандығы туралы баяндады.