2023 жылдың 17 қаңтарындағы Ақтөбе облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің (әрі қарай - Департамент) №17 н/қ бұйрығына сәйкес 2023 жылдың 23 қаңтарында Департаменттің құрылымдық бөлімшелері және аумақтық басқарма мамандарына арналған (Zoom платформасында) құқықтық оқыту өткізілді.
Құқықтық оқытудың мақсаты - аумақтық басқармалар мамандарына Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды, атап айтқанда бақылау және қадағалау органдары бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай және бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру, жоспардан тыс тексеру, бақылау мақсатында сатып алу, тергеп-тексерулер туралы түсіндіру.