Ресей Федерациясындағы эпидемиологиялық ахуалдың асқынуына байланысты және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы №239 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының аумағында шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидасының 2 тармағына сәйкес, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1) Қазақстан Республикасына шетелден келетін барлық тұлғаларды, ЕАЭО елдерінен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы темір жол көлігінде және автоөткізгіштерде өткізу пункттері арқылы келген тұлғаларды 2 тәулікке дейін COVID-19 зертханалық тексеру жүргізу үшін карантиндік стационарда оқшаулау; сондай-ақ Қазақстан Республикасының үкіметтік делегацияларын, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің шақыруы бойынша Қазақстан Республикасына келетін шет мемлекеттердің және халықаралық ұйымдардың ресми делегацияларының мүшелерін; Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктердің, консулдық мекемелердің және халықаралық ұйымдар өкілдіктерінің қызметкерлерін және олардың отбасы мүшелерін; Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен өтетін жүктерді халықаралық автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыратын тұлғаларды; Қазақстан Республикасының аумағына келетін жүктерді халықаралық автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілерді; Қазақстан Республикасының аумағына келетін жүктерді халықаралық автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілерді қоспағанда;
2) Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктердің, консулдық мекемелердің және халықаралық ұйымдар өкілдіктерінің қызметкерлері және Қазақстан Республикасына шетелден келген олардың отбасы мүшелері тұратын/болатын жері бойынша COVID-19-ға зертханалық тексеруге жатады. Олармен «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 22 мамырдағы №37 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 06 маусымдағы №39 қаулысына 33-қосымшаға сәйкес тиісті қолхатты ала отырып, COVID-19 ықтимал симптомдары туралы түсінік жүргізіледі;
3) Қазақстан Республикасының аумағына бара жатқан жүктердің халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыратын жүргізушілер (бұдан әрі - жүргізушілер):
Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 22 мамырдағы №37 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 06 маусымдағы №39 қаулысының 43-қосымшасына сәйкес сауалнамаға және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы қиылысатын жерлерде ПТР әдісімен COVID-19 зертханалық зерттеу үшін материал алуға жатады.
ПТР әдісімен COVID-19 зертханалық тексеру және сауалнама жүргізу үшін материал алғаннан кейін жүргізушілер бағыт бойынша баратын жеріне дейін жүруді жалғастырады.
Келген тұлғадан COVID-19 зертханалық тексерудің оң нәтижесін алғаннан кейін, мемлекеттік шекарадағы санитариялық-карантиндік пунктке (бұдан әрі – СКП) іссапарға жіберілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті департаментінің (бұдан әрі – ТКҚСҚБД) маманы, COVID-19 оң нәтиже туралы ақпарат қазіргі уақытта сауалнамада көрсетілген маршруттық параққа сәйкес жүргізуші орналасқан аумақтағы ТКҚСҚБД-ға беріледі. Аумағында қазіргі уақытта жүргізуші тұрған ТКҚСҚБД маманы, COVID-19 зертханалық зерттеп-қарау оң нәтижесі туралы денсаулық сақтау басқармасына (бұдан әрі – ДСБ) және жүргізушіге хабарлайды. ДСБ жүргізушіге медициналық тексеруді қамтамасыз етеді, COVID-19 белгілері болған жағдайда оны инфекциялық стационарға жатқызуға жібереді. COVID-19 белгілері болмаған кезде оған COVID-19 ықтимал симптомдары туралы және баратын жеріне келген соң БМСК ұйымына жүгіну қажеттігі туралы түсіндіреді және COVID-19-ға тексерудің оң нәтижесі туралы хабардар етеді. ДСБ Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 06 маусымдағы №39 «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 22 мамырдағы №37 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулысына 43-қосымшаға сәйкес тиісті қолхат алады. ТКҚСҚБД және ДСБ-да жүргізушінің тағайындалған жері бойынша ТКҚСҚБД және ДСБ COVID-19 тексеруінің оң нәтижесі бар тұлғаның жүруі туралы хабарлайды.
1) «Жайсан» және «Әлімбет» өткізу пункттерінде міндетті түрде термометриямен және шетелден келген барлық адамдарға сауалнамамен санитариялық-карантиндік бақылау жүргізуді;
2) Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 22 мамырдағы №37 қаулысының 1-қосымшасына сәйкес, келгеннен кейін екі сағат ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Веб-қосымшасына берілетін сауалнамаларды тану жүйесімен деректерді өңдеуді (енгізуді);
3) мемлекеттік шекарадағы өткізу пункттерінің қызметкерлеріне COVID-19 профилактикасы мәселелері бойынша нұсқаулықты;
4) тасымалдаушылар мен жолаушылар арасындағы көліктік бақылау бекеттеріндегі COVID-19 таралуының профилактикасы және алдын алу бойынша санитариялық-ағарту және түсіндіру жұмыстарын;
5) COVID-19 таралуының алдын алу бойынша көрнекі үгіт орналастыру, сондай-ақ жолаушыларды COVID-19 профилактикасы мәселелері бойынша дауыс зорайтқыш байланыс арқылы хабардар етуді;
6) есептік деректерді, оның ішінде Департаменттің атына мемлекеттік шекараны кесіп өтетін тұлғалардың тізімін күн сайын ұсынуды қамтамасыз етсін.
Ақтөбе облысының
Бас Мемлекеттік
санитариялық дәрігері Н.А. Беркімбаева