Талдамалық анықтама
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы
Ақтөбе облысы 19 қараша - 3 желтоқсан 2022 жыл
Ақтөбе қаласы
І. Кіріспе
«Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Ақтөбе облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінде «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген, Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларының 3 және 4 тармақшаларына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жүргізілді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жүргізу сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг нәтижесіне негізделді.
Басқарманың сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдерінің басым бағыты мемлекеттік бақылау және қадағалау бойынша тексеру жүргізу және мемлекеттік қызмет көрсету.
ІІ. Ақпараттық-талдамалық бөлім
2.1. «Мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңы бойынша:
«Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығына сәйкес «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Ақтөбе облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі келесідей мемлекеттік қызмет көрсетеді:
1) «Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыларды беру»;
2) «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын тамақ өнімін өндіру объектілеріне есепке алу нөмірлерін беру»;
3) «Патогендігі I-IV топтың микроорганизмдерімен және гельминттермен жұмыс істеуге рұқсат беру».
Бұйрыққа сәйкес жоғарыда көрсетілген мемлекеттік қызметтердің барлығы электронды түрде «электрондық үкімет» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы арқылы ғана көрсетеді.
2022 жылдың 9 айының қорытынды бойынша мемлеттік қызмет алу үшін 779 өтініш түсіп, оның 541-і қанағаттандырылып, рұқсат құжаты берілді.
2.2. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауға қатысты:
Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің талабына сәйкес жеке және заңды тұлғалардан өтініштерді қабылдау мен тіркеу жүзеге асырылуда.
2.3. Сыбайлас жемқорлыққа қатысты БАҚ сын пікірлер: Бұқаралық ақпарат құралдарында Ақтөбе облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің қызметкерлері жемқорлыққа қатысты сын пікірлер болған жоқ.
2.4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2022 жылға арналған іс-шаралар туралы жоспарының тиімді орындалуы туралы:
Ақтөбе облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2021-2023 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес табыс туралы декларацияны салық органына ұсынылды, «Сенім телефоны», жеке және заңды тұлғаларының арыздар мен хаттарына арналған пошта жәшігінің жұмыс істеуі қамтамасыз етілуде.
«Ойыл» аудандық қоғамдық-саяси газет 2022 жылғы 18 қаңтардағы №2 (7897) санында «Жемқорлыққа жол бермеу – бәрімізге міндет»;
«Хромтау» аудандық қоғамдық-саяси газет 2022 жылғы 10 ақпандағы №11 (9009) санында «Сыбайлас жемқорлық - қасірет»;
«Қобда» аудандық қоғамдық-саяси газет 2022 жылғы 24 ақпандағы №7 (6937) санында «Профилактика коррупционных правонарушений»;
«Жұлдыз-Звезда» аудандық қоғамдық-саяси газет 2022 жылғы 23 маусымдағы №25 (7196) (8874)санында «Жемқорлықпен күресу – әрбір азаматтың міндеті»;
«Ырғыз» аудандық қоғамдық-саяси газет 2022 жылғы 13 шілдедігі №28 (8201) санында «Жемқорлық – әлемдік қоғам дерті»;
«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газет 2022 жылғы 26 тамыздағы №34-35 (7984) санында «Сыбайлас жемқорлық – елдің дамуын тежейтін аса қауіпті қоғамдық дерт»;
«Жұлдыз-Звезда» аудандық қоғамдық-саяси газет 2022 жылғы 2 қыркүйектегі №35 (7206) (8884) санында «Жемқорлық – әлемдік қоғам дерті»;
«Мәртөк» аудандық қоғамдық-саяси газет 2022 жылғы 21 қыркүйектегі №37 (8948) санында «Сыбайлас жемқорлық – елдің дамуың тежейтін қоғамдық дерт»;
«Қарғалы» аудандық қоғамдық-саяси газет 2022 жылғы 9 қарашадағы №45 (5244) санында «Жемқорлықпен күресі міндет»;
«Ақтөбе» газеті 2022 жылғы 10 қарашадағы №52 (8793) санында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес - басым бағыттың бірі»;
«Ақтөбе» газеті 2022 жылғы 27 қарашадағы №126 (21315) санында «Мақсат – жемқорлықты жеңу».
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11 бабына қаржылық бақылау шаралары бойынша Департамент және оның аумақтық басқармалараның мемлекеттік қызметкерлері және олардың жұбайларының кірістері мен мүлкі туралы декларацияны уақытылы мемлекеттік кірістер органына ұсынуды ұйымдастырылып, жүргізілді.
2022 жылдың 14 қыркүйегіне дейін Департамент және оның аумақтық басқармаларының 168 мемлекеттік қызметкері (оның ішінде 31-і бала күтімі бойынша демалыста отырған қызметер) және олардың жұбайларымен 2021 жыл бойынша кірістері мен мүлкі туралы декларацияны уақытылы мемлекеттік кірістер органына ұсыну ұйымдастырылып, жүргізілді.
Департамент және оның аумақтық басқармалары бойынша мемлекеттiк қызметтен терiс себептер бойынша шығарылған адамдар жоқ.
2.5. Сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық және тәртіптік жазалар туралы: Сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқықбұзушылық фактілері орын алған жоқ.
2.6. Департаменттің бақылау фунцияларына қатысты:
Мемлекеттік органның міндеті: тиісті аумақта өз құзыреті шегінде қоғамдық денсаулық сақтау, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы салаларында басшылықты және реттеуді, халыққа өткізілетін өнімдер мен көрсетілетін қызметтер бойынша техникалық регламенттер мен нормативтік құжаттарда белгіленген талаптардың сақталуын, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі және органикалық өнімдердің өндірісі саласында (бұдан әрі - реттелетін сала) бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын, салааралық үйлестіруді, іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 141 бабына сәйкес (егер бару "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда рұқсатты және (немесе) рұқсатқа қосымшаны бергенге дейін өтініш берушінің біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігін бақылаумен байланысты болса) санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны берумен байланысты болағындықтан құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органда тіркелуді жүзеге асырып тексеру жүргізуде.
Кодекстің 146 бабына сәйкес тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындау туралы актіні, олардың мерзімдерін ұзарту туралы қосымша актіні тіркеу есепке алу сипатында болады және тәуекелдерді басқарудың ведомстволық жүйелерін қалыптастыру мен жетілдіру үшін пайдаланылады.
Алайда, құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органдары егер бару «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда рұқсатты және (немесе) рұқсатқа қосымшаны бергенге дейін өтініш берушінің біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігін бақылаумен байланысты тексеру тағайындау актісін 3 жұмыс күні ғана тіркеу фактілері орын алып отыр, бұл өз кезегінде мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасының төмендеуіне, мемлекеттік қызметтің уақытылы көрсетілмеуіне алып келуі мүмкін.
Ақтөбе қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының 2022 жылғы 29 қарашадағы №1006 (тіркеу нөмірі: 2215101000602012/01000) тексеру тағайындау актісі 2022 жылдың 1 желтоқсанында ғана тіркеген.
Жоғарыдағы жағдайларды көрсете отырып «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда рұқсатты және (немесе) рұқсатқа қосымшаны бергенге дейін өтініш берушінің біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігін бақылаумен байланысты тексерулерді құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органдарында тіркеумей жүзеге асыру қажет деп санаймыз.
ІІІ. Қорытынды
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жүргізу нәтижесі бойынша келесі ұсыныстар туындап отыр:
«Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесіне келесідей нормативтік құқықтық актілердің қайшылығы бойынша ұсыныс жолдау:
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 141 бабына сәйкес (егер бару "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда рұқсатты және (немесе) рұқсатқа қосымшаны бергенге дейін өтініш берушінің біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігін бақылаумен байланысты болса) санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны берумен байланысты болағындықтан құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органда тіркелуді жүзеге асырып тексеру жүргізуде.
Кодекстің 146 бабына сәйкес тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындау туралы актіні, олардың мерзімдерін ұзарту туралы қосымша актіні тіркеу есепке алу сипатында болады және тәуекелдерді басқарудың ведомстволық жүйелерін қалыптастыру мен жетілдіру үшін пайдаланылады.
Алайда, құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органдары егер бару «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда рұқсатты және (немесе) рұқсатқа қосымшаны бергенге дейін өтініш берушінің біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігін бақылаумен байланысты тексеру тағайындау актісін 3 жұмыс күні ғана тіркеу фактілері орын алып отыр, бұл өз кезегінде мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасының төмендеуіне, мемлекеттік қызметтің уақытылы көрсетілмеуіне алып келуі мүмкін.
Ақтөбе қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының 2022 жылғы 29 қарашадағы №1006 (тіркеу нөмірі: 2215101000602012/01000) тексеру тағайындау актісі 2022 жылдың 1 желтоқсанында ғана тіркеген.
Жоғарыдағы жағдайларды көрсете отырып «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда рұқсатты және (немесе) рұқсатқа қосымшаны бергенге дейін өтініш берушінің біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігін бақылаумен байланысты тексерулерді құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органдарында тіркеумей жүзеге асыру қажет деп санаймыз.
Департамент басшысының орынбасары Б.К. Шагалбаев
Құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы А.Б. Кенжебаев
Персоналды басқару қызметінің басшысы Ж.Т. Утегенова
«Ақтөбе-адалдық алаңы»
жобалық кеңсесінің басшысы Қ.С. Серікжанов
«Әділдік жолы» республикалық қоғамдық
бірлестігі Ақтөбе облысындағы
Ақтөбе қаласы филиалының басшысы А.З. Байменов
«Келісемін»
«Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
Санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау комитеті Ақтөбе облысының
санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау департаменті» РММ басшысы
________________ Р.М. Койшанова
«___» ____________ 2022 жыл