Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы

                                   Талдамалық анықтама

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы

Ақтөбе облысы                                                   19-20 желтоқсан 2022 жыл

Әйтекеби ауданы

Т.Жүргенов ауылы

                                                      І. Кіріспе

«Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Ақтөбе облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Әйтекеби аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесінде «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген, Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларының 3 және 4 тармақшаларына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жүргізілді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жүргізу сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг нәтижесіне негізделді.

Басқарманың сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдерінің басым бағыты мемлекеттік бақылау және қадағалау бойынша тексеру жүргізу және мемлекеттік қызмет көрсету.

                          ІІ. Ақпараттық-талдамалық бөлім

2.1. «Мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңы бойынша:

«Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30желтоқсандағы№ ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығына сәйкес «Әйтекеби аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесі келесідей мемлекеттік қызмет көрсетеді:

1) «Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыларды беру»

2) «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын тамақ өнімін өндіру объектілеріне есепке алу нөмірлерін беру».

2.2. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауға қатысты:

Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің талабына сәйкес жеке және заңды тұлғалардан өтініштерді қабылдау мен тіркеу жүзеге асырылуда.

2.3. Сыбайлас жемқорлыққа қатысты БАҚ сын пікірлер: Бұқаралық ақпарат құралдарында Әйтекеби аумақтық басқармаларының қызметкерлері жемқорлыққа қатысты сын пікірлер болған жоқ.

2.4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2021 жылға арналған іс-шаралар туралы жоспарының тиімді орындалуы туралы:

Әйтекеби аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасыныңсыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2021-2023 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес табыс туралы декларацияны салық органына ұсынылды, «Сенім телефоны», жеке және заңды тұлғаларының арыздар мен хаттарына арналған пошта жәшігінің жұмыс істеуі қамтамасыз етілуде.

2.5. Сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық және тәртіптік жазалар туралы:

Сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқықбұзушылық фактілері орын алған жоқ.

2.6. Департаменттің бақылау фунцияларына қатысты:

Мемлекеттік органның міндеті: тиісті аумақта өз құзыреті шегінде қоғамдық денсаулық сақтау, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы салаларында басшылықты және реттеуді, халыққа өткізілетін өнімдер мен көрсетілетін қызметтер бойынша техникалық регламенттер мен нормативтік құжаттарда белгіленген талаптардың сақталуын, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі және органикалық өнімдердің өндірісі саласында (бұдан әрі - реттелетін сала) бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын, салааралық үйлестіруді, іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2022 жылғы 16 мамырдағы №ҚР ДСМ-44 бұйрығымен бекітілген, «Паразиттік аурулардың алдын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларының 34 тармағының мемлекеттік тілдегі нұсқасының түсінігі мен ресми тілдегі нұсқасының түсінігі бір біріне сәйкес келмейді.

Мемлекеттіктілдегі нұсқасы - «Қанның қаралған үлгілерінің жалпы санының барлық оң нәтижесін және 10 пайызын (бұдан әрі – %) медициналық ұйымның клиникалық-диагностикалық зертханасы бақылау зерттеу үшін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы" филиалы жанындағы паразиттік инфекцияларды бақылау жөніндегі референс-зертханаға (бұдан әрі – референс-зертхана) жібереді».

Ресми тілдегі нұсқасы - «Все положительные и 10 процентов (далее – %) от общего числа просмотренных образцов крови клинико-диагностическая лаборатория медицинской организации направляет для контрольного исследования в референс-лабораторию по контролю за паразитарными инфекциями (далее - референс-лабораторию)».

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2022 жылғы 16 мамырдағы №ҚР ДСМ-44 бұйрығымен бекітілген, «Паразиттік аурулардың алдын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларының 41 тармағының мемлекеттік тілдегі нұсқасының түсінігі мен ресми тілдегі нұсқасының түсінігі бір біріне сәйкес келмейді.

Мемлекеттіктілдегі нұсқасы - «Денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының басшылары безгекке қарсы препараттардың азаймайтын қорын қамтамасыз етеді.».

Ресми тілдегі нұсқасы - «Руководители местных органов государственного управления здравоохранения областей, городов республиканского значения и столицы обеспечивают наличие неснижаемого запаса противомалярийных препаратов.».

                                           ІІІ. Қорытынды

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жүргізу нәтижесі бойынша келесі ұсыныстар туындап отыр:

«Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесіне келесідей нормативтік құқықтық актілердің қайшылығы бойынша ұсыныс жолдау:

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2022 жылғы 16 мамырдағы №ҚР ДСМ-44 бұйрығымен бекітілген, «Паразиттік аурулардың алдын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларының 34 тармағының мемлекеттік тілдегі нұсқасының түсінігі мен ресми тілдегі нұсқасының түсінігін бір біріне сәйкестендіруді.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2022 жылғы 16 мамырдағы №ҚР ДСМ-44 бұйрығымен бекітілген, «Паразиттік аурулардың алдын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларының 41 тармағының мемлекеттік тілдегі нұсқасының түсінігі мен ресми тілдегі нұсқасының түсінігін бір біріне сәйкестендіруді.

Департамент басшысының орынбасары                         Б.К. Шағалбаев

Құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы               А.Б. Кенжебаев

Персоналды басқару қызметінің басшысы                       Ж.Т. Утегенова

«Ақтөбе-адалдық алаңы»

жобалық кеңсесінің басшысы                                       Қ.С. Серікжанов

«Әділдік жолы» республикалық қоғамдық

бірлестігі Ақтөбе облысындағы

Ақтөбе қаласы филиалының басшысы                           А.З. Байменов

 

«Келісемін»

«Қазақстан Республикасының

Денсаулық сақтау министрлігі

Санитариялық-эпидемиологиялық

бақылау комитеті Ақтөбе облысының

санитариялық-эпидемиологиялық

бақылау департаменті

Әйтекеби аудандық санитариялық-

эпидемиологиялық бақылау

басқармасы» РММ басшысы

________________ К.Абишев

«___»  ____________ 2022 жыл

Дата публикации
21 декабря 2022