Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы

                                Талдамалық анықтама

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы

Ақтөбе облысы                                                    5-6 желтоқсан 2022 жыл

Байғанин ауданы

Қарауылкелді ауылы

                                                  І. Кіріспе

            «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Ақтөбе облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Байғанин аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесінде «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген, Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларының 3 және 4 тармақшаларына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жүргізілді.

            Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жүргізу сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг нәтижесіне негізделді.

            Басқарманың сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдерінің басым бағыты мемлекеттік бақылау және қадағалау бойынша тексеру жүргізу және мемлекеттік қызмет көрсету.

                         ІІ. Ақпараттық-талдамалық бөлім

            2.1. «Мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңы бойынша:

            «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығына сәйкес «Байғанин аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесі келесідей мемлекеттік қызмет көрсетеді:

            1) «Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыларды беру»

            2) «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын тамақ өнімін өндіру объектілеріне есепке алу нөмірлерін беру».

            2.2. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауға қатысты:

Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің талабына сәйкес жеке және заңды тұлғалардан өтініштерді қабылдау мен тіркеу жүзеге асырылуда.

            2.3. Сыбайлас жемқорлыққа қатысты БАҚ сын пікірлер: Бұқаралық ақпарат құралдарында Байғанин аумақтық басқармаларының қызметкерлері жемқорлыққа қатысты сын пікірлер болған жоқ.

            2.4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2021 жылға арналған іс-шаралар туралы жоспарының тиімді орындалуы туралы:

            Байғанин аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2021-2023 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес табыс туралы декларацияны салық органына ұсынылды, «Сенім телефоны», жеке және заңды тұлғаларының арыздар мен хаттарына арналған пошта жәшігінің жұмыс істеуі қамтамасыз етілуде.

            2.5. Сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық және тәртіптік жазалар туралы: Сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқықбұзушылық фактілері орын алған жоқ.

            2.6. Департаменттің бақылау фунцияларына қатысты:

Мемлекеттік органның міндеті: тиісті аумақта өз құзыреті шегінде қоғамдық денсаулық сақтау, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы салаларында басшылықты және реттеуді, халыққа өткізілетін өнімдер мен көрсетілетін қызметтер бойынша техникалық регламенттер мен нормативтік құжаттарда белгіленген талаптардың сақталуын, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі және органикалық өнімдердің өндірісі саласында (бұдан әрі - реттелетін сала) бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын, салааралық үйлестіруді, іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асырады.

  1. «Халықтың санитариялық – эпидемиологиялық саламаттылығы саласында тәуекел дәрежесін бағалау өлшем шарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 20 шілдедегі №285 және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 27 маусымдағы №463 бірлескен бұйрығының 8 қосымшасымен бекітілген, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында өндірістік мақсаттағы, технологиялық процестер мен жабдықтар, жылыту, жарықтандыру, желдету және ауа баптау, сумен жабдықтау, су бұру және өндірістік объектілердегі (оның ішінде көлік объектілеріндегі) өнеркәсіптік қалдықтарды жою ғимараттарына, құрылыстары мен үй-жайларына қатысты тексеру парағының мемлекеттік тілдегі нұсқасының 73 тармағы мемлекеттік тілде және ресми тілде араласып жазылған  «Наличие информации в виде надписей и (или) пиктограмм о вреде потребления табачных изделий, о запрещении потребления напитк Жазба және (немесе) пиктограмма түрінде темекі бұйымдарын тұтынудың зияны туралы, сусындар мен тағамды қолдануға салынған тыйым туралы ақпараттың болуы ов и еды».
  2. «Халықтың санитариялық – эпидемиологиялық саламаттылығы саласында тәуекел дәрежесін бағалау өлшем шарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 20 шілдедегі №285 және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 27 маусымдағы №463 бірлескен бұйрығының 2-қосымшасымен бекітілген, мемлекеттік тілдегі халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарының 32 тармағының (Өндірістік мақсаттағы, технологиялық процестер мен жабдықтар, жылыту, жарықтандыру, желдету және ауа баптау, сумен жабдықтау, су бұру және өндірістік объектілердегі (оның ішінде көлік объектілеріндегі) өнеркәсіптік қалдықтарды жою ғимараттарына, құрылыстары мен үй-жайлары) 73 тармақшасындағы талап мемлекеттік тілде және ресми тілде араласып жазылған «Наличие информации в виде надписей и (или) пиктограмм о вреде потребления табачных изделий, о запрещении потребления напитк Жазба және (немесе) пиктограмма түрінде темекі бұйымдарын тұтынудың зияны туралы, сусындар мен тағамды қолдануға салынған тыйым туралы ақпараттың болуы ов и еды».
  3. «Халықтың санитариялық – эпидемиологиялық саламаттылығы саласында тәуекел дәрежесін бағалау өлшем шарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 20 шілдедегі №285 және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 27 маусымдағы №463 бірлескен бұйрығының 8 қосымшасымен бекітілген, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында өндірістік мақсаттағы, технологиялық процестер мен жабдықтар, жылыту, жарықтандыру, желдету және ауа баптау, сумен жабдықтау, су бұру және өндірістік объектілердегі (оның ішінде көлік объектілеріндегі) өнеркәсіптік қалдықтарды жою ғимараттарына, құрылыстары мен үй-жайларына қатысты тексеру парағының 73 тармағының «ақаусыз суды бұру жүйелерінің болуы» талабы көрсетілген.

            Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2022 жылғы 17 ақпандағы №ҚР ДСМ-16 бұйрығымен бекітілген «Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларының 44 тармағына сәйкес тамақтану объектілерінде тамақ өнімдерінің ластану қаупін болдырмайтын салқын және ыстық сумен жабдықтау, суды бұру, жылумен жабдықтау, жарықтандыру, желдету және ауа баптау жүйелерінің жарамды жай-күйі қамтамасыз етіледі.

            Сонымен қатар, қазақша-орысша сөздікте қазақ тіліндегі «ақаусыз» сөзі орыс тіліне «без дефекта» болып аударылады.

                                              ІІІ. Қорытынды

            Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жүргізу нәтижесі бойынша келесі ұсыныстар туындап отыр:

            «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесіне келесідей нормативтік құқықтық актілердің қайшылығы бойынша ұсыныс жолдау:

  1. «Халықтың санитариялық – эпидемиологиялық саламаттылығы саласында тәуекел дәрежесін бағалау өлшем шарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 20 шілдедегі №285 және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 27 маусымдағы №463 бірлескен бұйрығының 8 қосымшасымен бекітілген, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында өндірістік мақсаттағы, технологиялық процестер мен жабдықтар, жылыту, жарықтандыру, желдету және ауа баптау, сумен жабдықтау, су бұру және өндірістік объектілердегі (оның ішінде көлік объектілеріндегі) өнеркәсіптік қалдықтарды жою ғимараттарына, құрылыстары мен үй-жайларына қатысты тексеру парағының мемлекеттік тілдегі нұсқасының 73 тармағын «Жазба және (немесе) пиктограмма түрінде темекі бұйымдарын тұтынудың зияны туралы, сусындар мен тағамды қолдануға салынған тыйым туралы ақпараттың болуы» деп, мемлекеттік тілде жазуды.
  2. «Халықтың санитариялық – эпидемиологиялық саламаттылығы саласында тәуекел дәрежесін бағалау өлшем шарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 20 шілдедегі №285 және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 27 маусымдағы №463 бірлескен бұйрығының 2-қосымшасымен бекітілген мемлекеттік тілде жазылған халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарының 32 тармағының (Өндірістік мақсаттағы, технологиялық процестер мен жабдықтар, жылыту, жарықтандыру, желдету және ауа баптау, сумен жабдықтау, су бұру және өндірістік объектілердегі (оның ішінде көлік объектілеріндегі) өнеркәсіптік қалдықтарды жою ғимараттарына, құрылыстары мен үй-жайлары) 73 тармақшасын «Жазба және (немесе) пиктограмма түрінде темекі бұйымдарын тұтынудың зияны туралы, сусындар мен тағамды қолдануға салынған тыйым туралы ақпараттың болуы» деп, мемлекеттік тілде жазуды.
  3. «Халықтың санитариялық – эпидемиологиялық саламаттылығы саласында тәуекел дәрежесін бағалау өлшем шарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 20 шілдедегі №285 және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 27 маусымдағы №463 бірлескен бұйрығының 8 қосымшасымен бекітілген, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында өндірістік мақсаттағы, технологиялық процестер мен жабдықтар, жылыту, жарықтандыру, желдету және ауа баптау, сумен жабдықтау, су бұру және өндірістік объектілердегі (оның ішінде көлік объектілеріндегі) өнеркәсіптік қалдықтарды жою ғимараттарына, құрылыстары мен үй-жайларына қатысты тексеру парағының 73 тармағындағы «ақаусыз» деген сөзді «жарамды» деген сөзбен өзгертуді.

Департамент басшысының орынбасары                           Б.К. Шағалбаев

Құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы              А.Б. Кенжебаев

Персоналды басқару қызметінің басшысы                        Ж.Т. Утегенова

«Ақтөбе-адалдық алаңы»

жобалық кеңсесінің басшысы                                          Қ.С. Серікжанов

«Әділдік жолы» республикалық қоғамдық

бірлестігі Ақтөбе облысындағы

Ақтөбе қаласы филиалының басшысы                            А.З. Байменов

 

«Келісемін»

«Қазақстан Республикасының

Денсаулық сақтау министрлігі

Санитариялық-эпидемиологиялық

бақылау комитеті Ақтөбе облысының

санитариялық-эпидемиологиялық

бақылау департаменті

Байғанин аудандық санитариялық-

эпидемиологиялық бақылау

басқармасы» РММ басшысы

________________ Ж.У.Нұрла

«___»  ____________ 2022 жыл

Дата публикации
07 декабря 2022