Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің 2021 – 2023 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жоспарының 3.7. және Ақтөбе облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің 2021 – 2023 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жоспарының 3.7. сыбайлас жемқорлық фактілері туралы бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдарға мониторинг жүргізу тармағының орындаулы бойынша ТАЛДАУ
2022 жыл 26 желтоқсан Ақтөбе қаласы
Сәңкібай батыр даңғылы 1
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Ақтөбе облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментімен (бұдан әрі - Департамент) сыбайлас жемқорлық фактілері туралы бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдарға мониторинг жүргізіліп отыр.
Ақтөбе облысының аумағында таралын жергілікті баспа өнімдеріне «Диапазон» газеті, «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» облыстық қоғамдық саяси газеті, «Жұлдыз-Звезда» аудандық қоғамдық-саяси газеті, «Жаңалық-жаршысы» аудандық қоғамдық-саяси газеті, «Жем-Сағыз» аудандық қоғамдық-саяси газеті, «Ырғыз» аудандық қоғамдық-саяси газеті, «Қарғалы» аудандық қоғамдық-саяси газеті, «Қобда» аудандық қоғамдық-саяси газеті, «Мәртөк» аудандық қоғамдық-саяси газеті, «Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті, «Темір» аудандық қоғамдық-саяси газеті, «Ойыл» аудандық қоғамдық-саяси газеті, «Хромтау» аудандық қоғамдық-саяси газеті, «Шалқар» аудандық қоғамдық-саяси газеті жатады.
2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап сыбайлас жемқорлық фактілері туралы мәліметтерді анықтау мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдарға және Instagram және facebook әлеуметтік желілеріндегі жарияланымдарға Департамент және оның аумақтық басқармаларының қызметкерлерінің іс-әрекетіне қатысты сыбайлас жемқорлық фактілері туралы мәліметті анықтау үшін тұрақты түрде мониторинг жүргізіліп отырды.
2022 жылыдң 1 қаңтарынан бастап 2022 жылдың 26 желтоқсаны аралығында Департамент және оның аумақтық басқармаларының қызметкерлерінің іс-әрекетіне қатысты сыбайлас жемқорлық фактілері туралы мәліметті туралы жарияланымдар анықталған жоқ.
Департамент басшысының м.а. Н.Ж. Досжанов
Департамент басшысының орынбасары Б.К. Шагалбаев
Құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы А.Б. Кенжебаев