Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің 2021 – 2023 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жоспарының 1.2. және 1.5. тармақтары және Ақтөбе облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің 2021 – 2023 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жоспарының 1.2. және 1.5. тармақтарының орындалуы бойынша нормативтік құқықтық актілерде көзделген тәртіппен мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мақсатында белгіленген тыйымдарды сақтамауы және міндеттерді орындамауы, сыйлықтар алуға және сыйлықтарды тапсыру тәртібіне қатысты шектеулерді бұзу жағдайлары бойынша мониторинг қорытындысы бойынша ТАЛДАУ
2022 жыл 27 желтоқсан Ақтөбе қаласы
Сәңкібай батыр даңғылы 1
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Ақтөбе облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментімен (бұдан әрі - Департамент) 2022 жыл қорытындысы бойынша нормативтік құқықтық актілерде көзделген тәртіппен мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мақсатында белгіленген тыйымдарды сақтамауы және міндеттерді орындамауы, сыйлықтар алуға және сыйлықтарды тапсыру тәртібіне қатысты шектеулерді бұзу жағдайлары бойынша мониторинг бойынша талдау жүргізді.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12 бабының 1 тармағына сәйкес жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, өздеріне:
1) мемлекеттік функцияларды орындаумен сыйыспайтын қызметті жүзеге асыру;
2) жақын туыстарының, жұбайлары (зайыптары) мен жекжаттарының бірге қызмет (жұмыс) істеуіне жол бермеу;
3) мүліктік және мүліктік емес игіліктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында, ресми таратылуға жатпайтын қызметтік және өзге де ақпаратты пайдалану;
4) материалдық сыйақыны, сыйлықтарды немесе көрсетілетін қызметтерді ұсынған адамдардың пайдасына әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін, егер мұндай әрекеттер осы тармақтың бірінші абзацында көрсетілген адамдардың қызметтік өкілеттіктеріне кірсе немесе осы адамдар лауазымдық жағдайына байланысты мұндай әрекеттерге (әрекетсіздікке) ықпал етуі мүмкін болса, оларды қабылдау;
5) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде орналасқан шетелдік банктерде шоттарды (салымдарды) ашу және иелену, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде орналасқан шетелдік банктерде қолма-қол ақша мен құндылықтарды сақтау бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдайды.
Мониторинг жүргізу барысында Департамент және оның аумақтық басқармаларында нормативтік құқықтық актілерде көзделген тәртіппен мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мақсатында белгіленген тыйымдарды сақтамауы және міндеттерді орындамауы, сыйлықтар алуға және сыйлықтарды тапсыру тәртібіне қатысты шектеулерді бұзу жағдайлары немесе мемлекеттік қызметшілердің өзге де ақы төленетін жұмысты орындау жағдайларын анықталмады.
Департамент басшысының м.а. Н.Ж. Досжанов
Персоналды басқару қызметінің басшысы Ж.Т. Утегенова