2022 жылдың 19 желтоқсанында Ақтөбе облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің (әрі қарай - Департамент) №246 н/қ бұйрығына сәйкес, 2022 жылдың 23 желтоқсанында Департаменттің құрылымдық бөлімшелері және аумақтық басқарма мамандарына арналған (Zoom платформасында) құқықтық оқыту өткізілді.
Құқықтық оқытудың мақсаты аумақтық басқармалардың мамандарымен тексеріс жүргізу барысында «Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік Кодексінің» талаптарын қатаң сақтау және әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша іс жүргізу кезінде «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін дұрыс қолданып хаттама толтыру, қарау мерзімін ұзарту, қысқартылған түрде айыппұл салу тәртібін түсіндіру.