Талдамалық анықтама сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы

Талдамалық анықтама сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы

 

Ақтөбе облысы                                                              1-2 желтоқсан 2022 жыл

Ырғыз ауданы

Ырғыз ауылы

І. Кіріспе

«Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Ақтөбе облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Ырғыз аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесінде «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген, Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларының 3 және 4 тармақшаларына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жүргізілді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жүргізу сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг нәтижесіне негізделді.

Басқарманың сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдерінің басым бағыты мемлекеттік бақылау және қадағалау бойынша тексеру жүргізу және мемлекеттік қызмет көрсету.

ІІ. Ақпараттық-талдамалық бөлім

2.1. «Мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңы бойынша:

«Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30желтоқсандағы№ ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығына сәйкес «Ырғыз аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесі келесідей мемлекеттік қызмет көрсетеді:

1) «Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыларды беру»

2) «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын тамақ өнімін өндіру объектілеріне есепке алу нөмірлерін беру».

 2.2. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауға қатысты:

Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің талабына сәйкес жеке және заңды тұлғалардан өтініштерді қабылдау мен тіркеу жүзеге асырылуда.

2.3. Сыбайлас жемқорлыққа қатысты БАҚ сын пікірлер: Бұқаралық ақпарат құралдарында Ырғыз аумақтық басқармаларының қызметкерлері жемқорлыққа қатысты сын пікірлер болған жоқ.

2.4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2021 жылға арналған іс-шаралар туралы жоспарының тиімді орындалуы туралы:

Ырғыз аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасыныңсыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2021-2023 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес табыс туралы декларацияны салық органына ұсынылды, «Сенім телефоны», жеке және заңды тұлғаларының арыздар мен хаттарына арналған пошта жәшігінің жұмыс істеуі қамтамасыз етілуде.

2.5. Сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық және тәртіптік жазалар туралы:

Сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқықбұзушылық фактілері орын алған жоқ.

2.6. Департаменттің бақылау фунцияларына қатысты:

Мемлекеттік органның міндеті: тиісті аумақта өз құзыреті шегінде қоғамдық денсаулық сақтау, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы салаларында басшылықты және реттеуді, халыққа өткізілетін өнімдер мен көрсетілетін қызметтер бойынша техникалық регламенттер мен нормативтік құжаттарда белгіленген талаптардың сақталуын, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі және органикалық өнімдердің өндірісі саласында (бұдан әрі - реттелетін сала) бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын, салааралық үйлестіруді, іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асырады.

  1. «Халықтың санитариялық – эпидемиологиялық саламаттылығы саласында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 20 шілдедегі №285 және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 27 маусымдағы №463 бірлескен бұйрығының 15 қосымшасымен бекітілген, білім беру объектілеріне қатысты халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында тексеру парағының 12 тармағына сәйкес «Жылыту жүйесі радиаторларында, терезелер мен жарық құралдарында қоршаушы қондырғылардың болуы» талап етілген.

Алайда, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ №76 бұйрығымен бекітілген «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидасында (16 тармағы) терезелерде және жарықтандыру аспаптарында қоршау құрылғылары көзделуі тек спорт залында ғана көзделген.

  1. «Халықтың санитариялық – эпидемиологиялық саламаттылығы саласында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 20 шілдедегі №285 және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 27 маусымдағы №463 бірлескен бұйрығының 15 қосымшасымен бекітілген, білім беру объектілеріне қатысты халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында тексеру парағының 9 тармағына сәйкес жоңқа араласқан таза құммен толтырылған секіруге арналған шұңқырлардың болуы талап етілген.

Алайда, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ №76 бұйрығымен бекітілген «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидасының 90 тармағында секіруге арналған шұңқырларды үгінділер қосылған таза құммен толтырылартындығы көрсетілген.

ІІІ. Қорытынды

 Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жүргізу нәтижесі бойынша келесі ұсыныстар туындап отыр:

«Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесіне келесідей нормативтік құқықтық актілердің қайшылығы бойынша ұсыныс жолдау:

  1. «Халықтың санитариялық – эпидемиологиялық саламаттылығы саласында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 20 шілдедегі №285 және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 27 маусымдағы №463 бірлескен бұйрығының 15 қосымшасымен бекітілген, білім беру объектілеріне қатысты халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында тексеру парағының 12 тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ №76 бұйрығымен бекітілген «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағида талабына сәйкестендіруді.
  2. «Халықтың санитариялық – эпидемиологиялық саламаттылығы саласында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 20 шілдедегі №285 және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 27 маусымдағы №463 бірлескен бұйрығының 15 қосымшасымен бекітілген, білім беру объектілеріне қатысты халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында тексеру парағының 9 тармағындағы «жоңқа» деген сөзді «үгінді» деген сөзбен ауыстыруды.

 

Департамент басшысының орынбасары                          Б.К. Шағалбаев

 Құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы            А.Б. Кенжебаев

 Персоналды басқару қызметінің басшысы                    Ж.Т. Утегенова

  

«Келісемін»

«Қазақстан Республикасының

Денсаулық сақтау министрлігі

Санитариялық-эпидемиологиялық

бақылау комитеті Ақтөбе облысының

санитариялық-эпидемиологиялық

бақылау департаменті

Ырғыз аудандық санитариялық-

эпидемиологиялық бақылау

басқармасы» РММ басшысы

________________ Т.С.Жолдыбай

«___»  ____________ 2022 жыл

Дата публикации
05 декабря 2022